Бейбіт күннің астында татулықта өмір сүрейік!

0

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Малика Алиева, Күрді ұлтының өкілі

Біз-қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз-Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз.

Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай. Ең бастысы-көп ұлт мекен еткен қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «Туған жер-Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, әке үнімен қайраттанып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ел қадірін бағалау ойы мен санасының төрінен орын алып, ар-намысының алдында жауапты болып, ер жетіп жатса, көпұлтты жеріміз, көп салалы, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «Бейбіт әлемі» кәусар бұлағы болары анық.

Рамик (Қазақбай) Тагиев, Әзербайжан ұлтының өкілі

Тәуелсіздігіміздің даңғыл болаша-ғына түскен мемлекетіміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Біздің ең басты құндылығымыз-тәуелсіздік деп Елбасымыз ұлық-тағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Тәуелсіздігіміздің 34 жылдығында алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығының да өзіндік үлесі бар. Себебі осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз. Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу үстінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұр.

«Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы-ырысы, байлығы-берекесі болып, татулығы жарасқан елде өмір сүріп жатқанымыз жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.

Кулипа Койчуманова,

Қырғыз ұлтының өкілі

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Бұл күн-әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Еліміздің басты қорғаушы күші-қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді-сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық-біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Гүлбанум Мусаева,

Ұйғыр ұлтының өкілі

Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-бірлігіміз арта берсін, ағайын!

Кеѕпейілді, мейірбан ќазаќ халќы

Қиын-қыстау кезде өзгені өгейсінбей, бауырына басқан қазақ халқына мың алғыс, — дейді ауданымызда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері.

Саудакент ауылында тұратын Украин ұлтының өкілі Рынгач Константин әкесі тағдырдың жазуымен Қазақстанға қоныс аударылып, қалып қойған. Жат жерде жалғызсырамай, қазақ халқының жақсылығын көріпті. Рынгач Константин 1964 жылы Саудакент ауылында дүниеге келген.  Б.Адамбаев атындағы орта мектепті бітіріп шығып, ауданымызда әр түрлі салада еңбек етіп тер төгеді. 2023 жылы «Сарысу ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мекемесінде тракторшы болып жұмысқа орналасты.

Рынгач Константин қазақ халқы жайлы былай дейді:

-Ең алдымен кеңпейілді, мейірбан қазақ халқына алғыс айтқым келеді. Ашаршылық кезінде өзге ұлт өкілдерін өзектен теппеді, киіз үйлеріне кіргізіп, соңғы нанымен бөлісті.  Мен Украин ұлтының өкілі болсам да, жаным қазақ.

Отызыншы жылдардағы зұлматтан өзі де ес жия алмай отырған қазақ халқы өзге ұлттың бәрін бауырына басып, барымен бөлісті. Жалпы мен қазақ халқынан көп жақсылық көрдім. Өзімді бөтен елде жүрмін деп сезінген емеспін. Қазақтар өздерінде аз болса да, соңғы нанын бөліп береді ғой. Сол жақсылықты ұмыту мүмкін емес, ұмыта алмаймын да. Барша қазақ халқына басымды иемін,-дейді. ъ\

Салт-дәстїрді саќтай білген Насихат

Халқымыздың арғы-бергі тарихында өзге ұлт өкілінен қазақ отбасына келін боп түсіп, ұрпақ өсіріп, салт-дәстүрімізді дәріптеуге өз үлестерін қосқан аналарымыз аз емес.

Сол аналардың қатарына қырғыз қызы, қазақтың келіні, Саудакент ауылының тұрғыны Насихат Анарбайқызын да қосуға болады.

Кейіпкерімізге ұялы байланыс арқылы хабарласқан едік. Ұялы байланыс тұтқасына жауап берген қоңыр да нәзік үнді Насихат апаймен тілдескеннен-ақ, оның сөздерінен қазақтың келініне тән ибалылық пен инабаттылықты аңғармау мүмкін емес. Саудакент ауылында тұратын қырғыз ұлтының өкілі, қазақ отбасының келіні Насихат Анарбайқызы Керімбекова 1982 жылы 30 мамыр күні Қырғызстан Республикасы, Бақайыр ауылында дүниеге келген.  2008 жылы Саудакент ауылындағы Раушанбековтер шаңырағына келін болып түседі. Жолдасы Мейірбек Раушанбеков екеуі отбасын құрып, 3 баланы дүниеге алып келеді. Насихат апай 2021 жылы Саудакент ауылындағы техникалық шығармашылық орталығына еден жуушы болып жұмысқа тұрады.  Қазіргі таңда жұмыс орнында абыройлы қызмет етіп келеді.

-Жиырма бес жасымда тұрмыс құрып, қазақ отбасының табалдырығын аттадым. Жаңа өмір, жаңа отбасына қадам басқан соң келінге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл отбасы мені өзге ұлттың қызы деп жатсынбай, өз баласындай құшақ жайып қарсы алды. Атам мен енемнің қолында тұрып, он жылдай қызмет еттім. Үлкен кісілер артық сөзі жоқ, мейірімді, адал, өте еңбекқор, сабырлы, ел  сыйлайтын жандар еді. Менің жақсылығымды асырып, жамандығымды жасырып, осы отбасыға сіңісіп кетуіме қолдауларын аямағандарын мақтанышпен айтамын. Қайнағаларым мен абысындарым, қайынапа-қайынсіңлілеріммен бір үйдің балаларындай бірлігіміз жарасып, тату-тәтті жүргеніміз отбасындағы тәрбиенің нәтижесі деп білемін, — дейді кейіпкеріміз бізбен әңгімесінде.

Міне, ұлты басқа демесеңіз, халқымыздың салт-дәстүріне құр-метпен қарап, бір шаңырақтың тұтқасын ұстап, ұрпағын өрбітіп отырған Насихат апайдың қазақтың әйел-жар-ана деген атына лайық асыл бейнесін аңғардық.

Сәулет есқараев, «Sarysý»

Кеѕпейілді, мейірбан ќазаќ халќы

Қиын-қыстау кезде өзгені өгейсінбей, бауырына басқан қазақ халқына мың алғыс, — дейді ауданымызда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері.

Саудакент ауылында тұратын Украин ұлтының өкілі Рынгач Константин әкесі тағдырдың жазуымен Қазақстанға қоныс аударылып, қалып қойған. Жат жерде жалғызсырамай, қазақ халқының жақсылығын көріпті. Рынгач Константин 1964 жылы Саудакент ауылында дүниеге келген.  Б.Адамбаев атындағы орта мектепті бітіріп шығып, ауданымызда әр түрлі салада еңбек етіп тер төгеді. 2023 жылы «Сарысу ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мекемесінде тракторшы болып жұмысқа орналасты.

Рынгач Константин қазақ халқы жайлы былай дейді:

-Ең алдымен кеңпейілді, мейірбан қазақ халқына алғыс айтқым келеді. Ашаршылық кезінде өзге ұлт өкілдерін өзектен теппеді, киіз үйлеріне кіргізіп, соңғы нанымен бөлісті.  Мен Украин ұлтының өкілі болсам да, жаным қазақ.

Отызыншы жылдардағы зұлматтан өзі де ес жия алмай отырған қазақ халқы өзге ұлттың бәрін бауырына басып, барымен бөлісті. Жалпы мен қазақ халқынан көп жақсылық көрдім. Өзімді бөтен елде жүрмін деп сезінген емеспін. Қазақтар өздерінде аз болса да, соңғы нанын бөліп береді ғой. Сол жақсылықты ұмыту мүмкін емес, ұмыта алмаймын да. Барша қазақ халқына басымды иемін,-дейді. 

Кґѕілді Галя әжей

1 мамыр-бұл қазақ халқының бірлігі күні ғана емес, сондай-ақ татулық пен ұлтаралық келісімнің күні, сонау қиын-қыстау кезеңдерде ұлт пен ұлыстарды бауырына басқан қазақ халқына деген құрметі көрініс табатын күн. Бүгінде елімізде 130-дан астам өзге ұлттар бір шаңырақ астында берекелі өмір сүріп келеді.

Олар тыныштықтың қадірін біледі, тілі басқа болса да Отанымыз бір дейтін өзге ұлт өкілдері елге етене сіңгені соншалықты қазақ дәстүрін ұстанып, салтын сақтап, бірліктің қағидасына құрметпен қарайды. Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. Өздерінің бастарынан қандай қиыншылық өтсе де, басқаның қайғысына да ортақтығын танытты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт осында мәңгілік тұрақтап қалды. Қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностың тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына себепші болды.

Ауданымызда бүгінде 30-дан аса түрлі ұлт өкілдері бейбіт күнге алғыс айтып өмір сүруде. Бірлік-біздің асыл мұрамыз деген даналық сөзді жадында әркез сақтап жүрген жандардың бірі-Жаңатас қаласының тұрғыны, 76 жастағы Стерликова Галина. Көршілері «Көңілді Галя әжей» деп атайтын әжей 1948 жылдың 15 қазанында Қырғыз Республикасының Қарабалта қаласында дүниеге келген. Әкесі Валитов Александр-Ұлы Отан соғысының ардагері. Рокотовский 2-фронтта фашистерден азат етуге қатысқан. Соғыста барлаушы қызметін атқарған ол ерен еңбегі үшін «Қызыл Жұлдыз» және тағыда басқа ордендермен марапатталған. 2009 жылы Қырғыз Республикасының Қарабалта қаласында дүниеден өтті. Галина Александровна ауылда мектепті тәмамдаған соң, медицина мамандығымен Қарабалта қаласындағы оқу орнын аяқтайды. Арманы асқақ, жас маман 1968 жылы тұрмыс құрып, жолдасы Вячаслав Дмитриевичпен бірге тату-тәтті өмір сүреді. 1973 жылы Комсомолдық жолдамамен кеншілер шаһары-Жаңатас қаласына қоныс аударып, жолдасы Вячаслав «Қазфосфат» ЖШС-інде дәнекерлеуші болып қызмет етеді. Ал, Галина болса қалалық ауруханада (қазіргі аудандық орталық аурухана) операциялық медбике қызметін атқарады. Талай жандарға көмегі тиген медбикені барлығы «қолың жеңіл» деп мақтайтын. Қасиетті қолына шипа қонған Галина Александровна жұмыстан бөлек, аяқ-қолы сынған, шыққан адамдарға ем-домын жасап, сынықшы болады. Басында бұл істі хоббиіне айналдырған маманға келушілер қатары көбейіп, бірте-бірте ауданға «сынықшы Галя апай» деген атпен танымал бола бастайды. Галина әжейдің тағы бір қасиеті кішкентай балаларға массаж жасап, дем салуы. Әдетте балаларға дем салу, ем-шараларын қолдану жауапкершілікті қажет ететін әрі күрделі жұмыс екені анық. 2006 жылы зейнетке шығып, қолы сынған, көз тиген адамдарды үйден қарайды. Өзінің емшілік қасиеті туралы әжей былай деп баяндады: — Ауруханада медбике болып істеп жүргенде барлығы мені «қолың жеңіл» деп мақтайтын. Басында балалардың сынған, шыққан қолдарын салып жүрдім. Алғашқыда қорқыныш болғанын да жасырмаймын. Бірақ уақыт өте келе азды-кем тәжірибе жинақтап, бұл істі нақты қолға алдым. Бүгінде келушілердің қатары аз емес. Аптасына екі үш мәрте балаларға массаж жасатуға аналар келіп жатады. Бұл маған Құдайдың берген сыйы деп білемін. Алдымдағы міндеттерімді адал атқаруға бар күш-жігерімді сала беремін,-деді. Жолдасы Вячаслав 1998 жылы өмірден өтіп, жаны қатты күйзеледі. Өмірлік серігінен айырылса да тағдырға мойымаған қайсар жанның жұбанышы бала-шағасы болды. Галя әжей 4 ұл-қыз, 7 немере және 5 шөбере көріп отырған бақытты әже. Немерелері Амина мен Катя қазір әжейдің қолында тұрады. Амина Жаңатас қалалық балалар-шығармашылық орталығында қызмет атқарса, Катя Жаңатас көпсалалы колледжінде студент. Екеуі де қазақшаға судай. Құрбылары да қазақ ұлтынан.

Бүгінгі таңда, 3-шағынаудан, 7-үйде тұрып жатқан Галина әжейді көршілері қатты жақсы көреді. Себебі, үнемі жүзінен жылулық кетпейтін көңілді әжей тұрғын үйдің ішіндегі ең жасы үлкені әрі сыйлысы. Той-домалақ, мерекелік думан секілді қызықшылықтардан қалмайтын Галина әжей тұрғын үйдің қадірлі анасы. Құрмет пен ізетке бөленген Галя әжей 1981 жылдан бері аталмыш тұрғын үйде тұрып келе жатыр.

Мерейлі мерекеде Галя әжей ақжарма тілегін жеткізді: — Мен осы тұрғын үйдің ең алғашқы тұрғындарының бірімін десем де болады. 1996 жылы қалада тоқырау кезеңдер болып жатқанда тұрғынүйде небәрі 12 ғана адам тұрды. Басқаларының біразы қаладан көшіп жатқанда мен кетпедім. Ыстық болған шаңырағымда қалып, не болса да көппен бірге көремін деген шешім қабылдадым. Қазір Аллаға шүкір, қаламыз дамып, жан-жағымыз жайнап келеді. Көршілер  мені «Көңілді Галя әжей» деп еркелетеді. Бұл маған шексіз қуаныш сыйлайды. Олай атауының себебі де жоқ емес. Осы уақыт аралығында бірде бір көршімен сөзге келіп көрмеппін. Бәрімен тату-тәттіміз. Барлығы мені құрметтейді, барлығы мені сыйлайды. Бұл ұлтаралық келісімнің жемісі деп білемін. Барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көреген саясатының арқасында бүгінде барлық ұлт бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешуде. Бірлігіміз бекем болғай. Шаңырақтарыңыз шайқалмасын,- деді тебірене.

Ендеше, жүрегі кең, тілегі тәтті Галя әжейге біз де ұзақ ғұмыр тілейміз. Жүрегі елім, жерім деп соғатын осындай жандар көп болғай.

«Sarysý-Aqparat»

Ўстаздар әулетінен шыќќан ўстаз

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі ұстаз деп ойлаймын. Себебі ол қай заманда болсын қасиетті, қадірлі. Ұлы мамандық иелеріне деген құрмет ықылым заманнан солай.

Сондықтан болар, «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» дегендей жылы естіледі. Меніңше, өмірдің алғашқы қадамын айқындап, тағдырдың сан қырлы сырын білгізіп, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған жанның бейнесі көңіл төрінен әрқашан орын алады. Ол әр баланың жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсам, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Бойындағы асыл қасиетін шәкірттеріне сіңіреді. Дегенмен адам өмірінде із қалдырған ұстаз туралы әңгіме таусылмақ емес. Бүгінгі кейіпкерімізде ұлағатты ұстаз.

Мереке қарсаңында Ш.Уәлиханов атындағы мектепгимназиясының директоры Ержан Көлбаевқа хабарласып, көп жылдан бері еңбек етіп, шәкірттерінің жүрегіне жол тапқан ұстаз және өзге ұлт өкілі бар ма дегенімізде қуанып кеткен басшы Мекен Серікқұлұлы Райымбеков туралы айтты. Кейіпкерімізге хабарласып, еңбек жолынан және өмір жолынан мәлімет беруді өтінгенімде ол кісі жоқ демей келісімін берді.   

Кейіпкеріміз Мекен Серікқұлұлы Райымбеков 1962 жылы 3 мамыр күні Қырғыз Республикасы, Киров ауданы Ключовка ауылында мұғалімдер  отбасында дүниеге келген. Әкесі елге сыйлы, барлық уақытын және ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған Серікқұл Бұғыбаев өмірінің соңына дейін қырғыз тілі және әдебиет пәнінің, ал аяулы анасы Кенеш Райымбекова орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, көп жылдар еңбек еткен ұлағатты ұстаздар болған. Мекен Серікқұлұлы1968 жылы Көксай орта мектебінің 1-сыныбының табалдырығын аттап, 1978 жылы мектепті үздік бағалармен аяқтап шығады. Білім ордасын бітірген соң үш жыл ауылда, өндірісте жұмыс істейді. Арманы атаанасы сияқты ұстаз болу еді. Сол арманы жетелеп, 1981 жылы Қырғыз мемлекеттік университетінің тарих факультетіне құжатын тапсырады. Арманы алдамай университеттің студенті атанып, қуанышты күндерді басынан өткереді. Жоғары оқу орнында оқып жүріп, 1985 жылы Отан алдындағы азаматтық парызын орындамақ мақсатында әскерге аттанады. Әскери борышын Батыс Украинаның Львов қаласына қарасты РаваРусская елді мекенінде атқарып келіп, 1990 жылы университеттегі оқуын әрі қарай жалғастырады. Жоғары оқу орнын бітіріп, қолына  дипломын алады. Тарих пәнінің оқытушысы дипломын алған соң өз мамандығы бойынша екі жыл Грозный орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді.

1992 жылы ол кезде Кеңес Одағы ыдырап, әр мемлекет өз Тәуелсіздігін қолға алған тұста Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласына келеді. 1993-2000 жылдары Жаңатас қаласы ішкі істер бөлімі, Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінде әр түрлі лауазымды қызметтер атқарады. 2000 жылы қаладағы Ш.Уәлиханов атындағы мектепгимназиясына алғашқы әскери пәнінің мұғалімі болып орналасып, 2003 жылдан бастап осы білім ордасында тарих пәнінен дәріс беріп келеді. Үстіміздегі жылы 3 мамыр күні Ш.Уәлиханов атындағы мектепгимназиясында еңбек еткеніне 25 жыл толады. Зейнеткерлік жасқа да жетіпті.

Осы қалаға келіп, жүрегінің иесін кездестіреді. Жұбайы-Ләйла Шукеевамен отбасын құрып, бақытты шаңырақтың тірегі атанады. Ләйла Шукеева аудандағы құрметі жоғары, еңбегі елеулі жандардың бірі. Қазіргі таңда  Д.Қонаев атындағы орта мектептің директоры. Үлкен ұлы Ануар «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде экология бөлімінің басшысы болса, келіншегі Фариза аудандық сотта бас маман. Ал, Сұлтан ұлдары аудан бойынша Мансаптық орталық филиалының жұмыс берушілермен, ізденушілер мен азаматтардың әлеуметтік осал сағаттарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы, келіні Құдайбергенова Сағыныш бала күтімімен үйде отыр. Қызы Әйгерім Шымкент қаласына тұрмысқа шыққан. Отбасында 11 немеренің бақытты атасы.

-Жалпы 63 жас өмірімнің жартысынан көбі, 33 жыл өмірім осы Жаңатас қаласында өтті.  Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында жұмыс жасағаныма 25 жыл болды. Жалпы ұжымдастарыма, менімен бірге жұмыс жасаған басшыларыма қазіргі таңда 2000 –шы жылдан бастап есептегенде 7 басшымен жұмыс жасаппын. Бұрынғы  жұмыс жасаған басшыларыма, қазіргі ұжымды басқарып отырған Ержан Көлбаев-қа рахметімді айтқым келеді. Жалпы қазақ халқына алғысымды білдіремін. Осылай мені бауырына басып, маған сенім көрсетіп, құрмет көрсетіп үлкен жақсылық жасаған пейілі кең даладай болған, мінезі ашық аспандай болған Қазақ халқына мың алғыс. Менімен осынша жылдардан бері қуанышымды да, қайғымды да бірге бөлісіп осы Жаңатас қаласында тұрған достарыма үлкен рахмет айтамын. Барлығы аман болсын. Әрқашанда мен үшін Қазақстан менің Отаным. Қазақ-қырғыз бір туған деп босқа айтылмайды. Бауырлас екі халықтың арасындағы достық қарым-қатынас ежелден қалыптасқан. Олардың тілі де, діні де, салт-дәстүрі де бір-біріне өте ұқсас. Құда-құдандалы болып жатқандары да баршылық. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегендей, кез келген ұлтқа құрметпен қарайтын қазақ ұлтына дән ризамын. Қазақстанымыз-көпке үлгі болатын мемлекет. Ұлт пен ұлыстың арасындағы ынтымақтастықтың арқасында алдағы мақсат-міндеттерімізге еш кедергісіз жететінімізге бек сенімдімін,-деді ағынан ақтарыла.

Камели Сүлейменова,

«Sarysý»

Аќпыз, ќара, сарымыз, аєайынбыз бәріміз

Бірлік күнінің маңызы неде?

1 мамыр – Бірлік күні. Бұл күні Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлттың бірлігі тойланады. Мерекенің шығу тарихы, маңызы мен қандай құндылыққа ие екені туралы айтып өтсек.

Қазақстандықтар үшін мамыр айының алғашқы күні жай ғана мейрам емес, бұл нағыз ұлттық келісім күні. Көненің адамдары бұл күнді кеңес заманындағы шерулермен байланыстырады. Алайда Қазақстанда бұл күн мүлдем басқа мағынаға ие. 1996 жылдан бастап 1 мамыр күні Қазақстанда Бірлік күні тойланады. Бұл жай демалыс күні емес, бұл елдің ең маңызды құндылықтары-этникаарлық достықты, толеранттылықты және ұлттар достығын дәріптейтін күн.

Бұл расымен жылынып, жер біткеннің бәрі жасыл кілемге оранып, айнала жайқалатын кезең. Елдің түкпір-түпірінде-қалаларда, аудандарда, ауыл-ауылдарда мерекелік концерттер мен түрлі іс-шаралар өтіп жатады. Елде өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілі ұлттық дәмін әзірлеп, ерекше дастархан жаяды. Түрлі ұлттың ұлттық киімін де осы күні көруге болады. Бәрі бір-бірімен арқа-жарқа болысып жатады. Түрлі ұлттың әнін де, биін де осы күні молынан көресіз.

Бұл мерекенің маңызы неде?

1 мамыр-бәрі көңіл-көтеріп, бір күн артық демалатын қарапайым бір күн емес. Бұл мереке басқа мерекелерден өзгерек. Себебі Бірлік күні елдегі әрбір адам, әр тұрғын өзін ғаламат бір дүниенің бөлшегі сезінеді. Бір саябақтан өзбектің дойрасының үні, енді бір жақтан қазақтың домбырасының үні жетеді. Тағы бір аулада балалар «Лезгинка» биін билеп жатса, бір сахнада қыздар ұйғыр ұлттық биін нақышына келтіріп орындап жатады. Мұның бәрі бір сәтте болып жатқанын, ешкім-ешкімге кедергі жасамайтынын, керісінше бұл мәдениеттің барлығы бір сәтте керемет үйлесім тауып жатқаны қаншалықты әдемі екенін ұғынған сәтте, адам мұның елге берілген ең құнды байлық екенін де түсінеді.

Бұл-дарақылыққа жол берілмейтін, артық мақтанды қажет етпейтін, бірақ терең мағынаға толы мереке. 1 мамырда әркім өз ана тілінде сөйлеп, өз ұлттық киімін киіп, ұлттық тамағын әзірлейді-солай бола тұра, тұтас алғанда барлығы бір елді-бір Қазақстанды құрап, ашық аспан астында бірлік тойын өткізіп жатады.

Мерекенің символы

Бірлік күнінің көп жылдан бергі символы-көгершін құс. Бұл бейбітшіліктің, достық пен татушылықтың, ынтымақтың нышаны. Сонымен қатар қазақтың ұлттық оюлары мен Мемлекеттік рәміз-Ту да осы күннің бейресми символдары саналады. Ұлттық оюлар түрлі этникалық дәстүрлерді бірлестірсе, Туымыздағы шаңырақ ынтымақты, бірлікті дәріптейді.

Сонымен бұл күні қала түрліше әсемделетінін және түрлі-түсті қанық түстер көп қолданылатынын көруге болады. Себебі 1 мамыр-күнтізбенің ең жарқын күні болып есептеледі.

Бірлік күнінің эмоционалдық құн-дылығы

Дау-дамай мен бөлінушілік көп әлемде 1 мамыр бір тыныштықты, жұмсақтықты, мейірімділікті насихаттайтын жылы мереке болып қала бермек. Ол күн күллі әлемге «Қара, осылай да өмір сүруге болады» деп тұрғандай.

Әлдебіреулер үшін бұл күн-түп тамырын, шыққан тегін бір еске алуға себеп болса, енді біреулер үшін өзге ұлттың мәдениетімен танысуға тамаша мүмкіндік. Балалар үшін Бірлік күні балаң шақтан алуандықтың әсемдігін көріп өсу, ал ересектер үшін сыйластық, қонақжайлық, көршімен тату болу сынды қарапайым адами қарым-қатынастың жылуын сезіну мүмкіндігін сыйлайтын күн.

Өзге елдерде қалай?

Бұл жылуға толы мерекені көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан да атап өтеді, алайда бұл елдерде мереке «Еңбек күні» ретінде сақталған және тойлау ауқымы да тарлау.

Ресейде де мереке Көктем және еңбек күні ретінде сақталған. Бұл күнді ел демалып, көкке шығып, шеруге қатысып өткізеді.

Беларусь елінде де мерекені еңбек тұрғысындағы мәні ғана қалған.

Ал Қазақстанда бұл мерекенің ауқымы жыл өткен сайын артып келеді. Жылдан-жылға газет беттерінде мереке туралы көптеген қызықты мақалалар жарияланады, әлеуметтік желілерде бұл жасы да, кәрісі де түрлі этномәдени челлендж ұйымдастырып, барлық жұрт белсене қатысып жатады. Телеарналар бұл күні көрерменге халықтар достығы жайлы концерттер, аспаздық бағдарламалар мен деректі фильмдер ұсынады.

Маѕызды мерекелердіѕ бірі

Бүгінде еліміздің кең байтақ жерінде 130-дан астам әр түрлі ұлт өкілдері мекен етеді.

Сондықтан да 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептелуі бекер емес.

Еліміздің халқы үшін бұл күн маңызды мерекелердің бірі болып табылады. 1 мамыр күні еліміздің барлық өңірлерінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар өткізіледі, бұл дегеніміз – олардың бір шаңырақ астында тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатқандығының анық айғағы. Сонымен қатар, аталмыш іс-шаралардың бас-ты мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір-біріне деген сыйластығын арттырып қана қоймай, бірлік пен татулықты насихаттау болып табылады.

 Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен 1995 жылдың наурыз айында Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылған болатын. Бұл әлемде болмаған ерекше, саяси маңызды құрылым.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі таңда барлық ұлттардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде қалыптасты.

С.АППАЗОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Мемлекетіміз ґркендеп, ілгері басып келеді

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтетін мейрамы.

Еліміздегі «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясының  негізін құрайтын бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық болған жерде қашанда іс нәтижелі болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.  Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету –  әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Бейбітшілік пен тұрақтылық – жалпы халықтық игілік, оны күнбе-күнгі еңбегімізбен нығайтып, қорғауымыз қажет.

Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, татулығы бірлігіне тыныс біртұтас еліміздің ортақ мейрамы. Олай болса, Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ж.ОРЫмБАЕВ, Жаңатас қалалық

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Ўлтаралыќ татулыќ әрдайым берік болсын

Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.

«Бірлік болмай-тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Бұл мереке еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Қазақстан халқының бірлігі мен татулығы жарасқан асыға күтер мерекелерінің бірі. Бұл күн-әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Баршаңызды айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, егемен еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісім әрдайым берік болып, қашанда ынтымағымыз бен бірлігіміз мәңгі жасай берсін.

С.ҚЫРҒЫЗБАЕВ, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Ынтымаќ пен татулыќ кїні

Еліміздің еңсесін тағы да бір көтеретін ең жоғарғы деңгейдегі «Бірлік күні» . Бұл күні елімізде мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақ пен бірлікте бір-біріне үн қатып, сыйластықтарын жаңғыртады.

Әрбір ұлттың салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері насихатталып, көптеген іс-шаралар орын алатын бұл күннің еліміз үшін маңызы өте жоғары. Ынтымақ пен татулықты арқау ететін Бірлік күні Ұлтаралық сыйластықтарды арттырып, одан әрі жандандыра түседі. Осы күнді бәрі асыға тосады, дәл осы күні, қазақ елі, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» тұтас мемлекет екенін дүниежүзіне дәлелдеп келеді, осы мейрам соның айғағы іспеттес. Біз барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықтымыз, Ал еліміздегі ынтымақ пен бірлікті сақтау әрбір қазақстандық азаматтардың міндеті деп білемін.

Мен елімді сүйемін, жақсы көремін, құрметтеймін. Ұлтаралық ынтымақ пен татулық бар кезде біздің елімізде бейбітшілік мәңгі тұрақтап, көңіліміз жайланады. Бәрі өз қолымызда.

Бірлік дегеніміз – мәңгілік және бөлінбейтін, ынтымағы мен берекесін бірге ұстаған еліміздегі ұлтаралық татулықтың бейнесін көрсететін ең биік ұғым болып табылады. Қаншама ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиетін көрсететін бет-бейнесі осы бірлік пен ынтымақ, бауырмалдылық біздерге мұра болып бойымызға дарыған десек артық айтпағанымыз болар. Өйткені, қанымыз бір, жанымыз бір бауырмалдықты өнеге тұтар қазақ емеспіз бе?! Ана жерде өтіп бара жатқан өзге ұлт өкілі демей, аралас-құралас боп кеткен еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы бірлік пен ынтымақ, туған елге деген, жерімізге деген сүйіспеншіліктері, сыйластықтары осы бауырмалдықты айқын көрсетіп отырғандай.

Қ.ЖАНДАРБЕК, аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.