КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

0

Апта ішінде аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен және аудан прокурорының орынбасары Данияр Кемелханның қатысуымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. 

Жиында  аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қанат Нарбеков «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік пен суицидтің алдын-алу, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыспен күрес бойынша профилактикалық жұмыстар туралы» хабарлама жасады.

Одан кейін аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жарықбасов «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бағытында атқарылған профилактикалық шаралар туралы» жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар   Жаңатас көпсалалы колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қойлыбекова «Жаңатас көпсалалы колледжі білімгерлерінің ерте жүктілік мәселесі және білімгерлер арасында алдын алу бағытында атқарылған профилактикалық шаралар туралы», «№11 Сарысу колледжі білімгерлері арасында ерте жүктіліктің алдын алу бағытында атқарылған профилактикалық шаралар туралы» №11 Сарысу колледжінің директоры Қ.Даниярова және «NEET» санатындағы жастар және 14-18 жастағы кәмелетке толмағандармен атқарылған жұмыстар туралы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мадина Прімбек баяндама жасады.  Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, кейбір кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы жиынды қорытындылап, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауда, жасөспірімдерге қауіпсіз ортаны қалыптастыруда жан — жақты жұмыс жасау керектігін айтты.

Сәулет есқараев, 

Leave A Reply

Your email address will not be published.