«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП » ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
🔰«Заң мен тәртіп» жобасы аясында аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков Жаңатас қаласындағы Орталық базарда кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында Жұмат Жұмабекұлы құқықтық сауаттылықтың маңызын атап өтіп, заң талаптарын сақтау, кәсіпкерлік қызметті заң аясында жүргізу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
🔰Шараға сондай-ақ, аудандық прокуратура мен аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, кәсіпкерлерге құқықтық кеңестер беріп, олардың сауалдарына жауап берді. Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің құқықтық білімін арттыруға, заң талаптарын түсіндіруге және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.