ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ алдын алу-басты міндет
Өткен аптаның жұмасы күні партияның аудандық филиалында Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде «Өткен 2024 жылдың қорытындысы бойынша азаматтардан түскен өтініштердің орындалу барысы» туралы аудандық Мансап орталығының директоры Д.Омар баяндама жасады: — Бүгінде кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» аясында 2025 жылдың 1 қаңтарына белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 3 789 адам. Мобильдік топ жобасы аясында Сарысу ауданы бойынша Мансаптық орталық филиалының мамандары ауылдық елді мекендерге халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша жоспар бекітілген болатын. 2024 жылы мекеме қызметкерлері 9 ауылдық округке түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Халықты жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу бойынша жоспар бекітіліп, бүгінгі күнге 12 рет өткізілді. Жәрмеңке аясында 88 адам жұмыспен қамтудын белсенді шараларына тартылды, — деп атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Жиын барысында Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері хабарламашыға бірқатар тапсырмалар жүктеп, жұмыс-сыздықтың алдын алуды күшейту керектігін айтты. Күн тәртібіндегі мәселе толық қаралып, тиісті қаулының жобасы бекітілді.
М.Есмұрзаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы