ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАТТЫҒЫ

0

Бала біткенге қуаныш сыйлайтын жаңа жылдық шырша салтанатының орны қай кезде де ерекше.  Бүлдіршіндердің сүйікті мерекелерінің бірі, жаңа жылға санаулы күн қалды. Көңілді кеш, ертегі кейіпкерлері мен сыйлықтар әр баланы бей-жай қалдырмасы анық.

Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұратын  балаларға «Жібек жолы» мейрамханасының иесі, ауданымыздағы түрлі қайырымдылық істерге қолдау көрсетіп,  көмек қолын созып жүрген жеке кәсіпкер Төлепбеков Мұрат Сейітұлы  демеушілік көрсетіп, «Жібек жолы» мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шырша өткізді.

Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, ақжарма тілегін арнады.

-Жаңа 2025 жылан жылы жаңа леп, молшылық пен табыс әкелсін. Баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бақытты балалық шақ, жақсылық атаулының бәрін тілеймін. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Еліміздің ертеңгі күні сіздердің қолдарыңызда,-деді. Одан кейін қала әкімі І.Домалақов, еңбек ардагері Б.Үсенбаев, жеке кәсіпкер М.Төлепбеков құттықтау сөз сөйледі.

Шыршаға шақырылған балалардың қуанышында шек болмады. Шарада түрлі қойылымдар қойылып, ән айтылды, күй де шертілді. Балақайларға сый-сияпаттар табыс етілді. Балалар алдымен театрландырылған қойылымды тамашалады.

Бұдан соң ертегі кейіпкерлерімен бірге би билеп, ән айтты. Сонымен қатар, түрлі ойындарға қатысты.

Сыйлықтарын алған балалардың жүздерінен тек қуаныш сезімі байқалып тұрды. Ертегілер кейіпкерлерінің кейпіне енген балалар жаңа жылдық кештің шырайын нұрландыра түсті. Қалған балалардың жүздерінен тек қуаныш сезімі байқалып тұрды. Ертегілер кейіпкерлерінің кейпіне енген балалар жаңа жылдық кештің шырайын нұрландыра түсті.

Кәсіпкер Төлепбеков Мұрат Сейітұлына ата-аналар тарапынан үлкен алғыстарын жаудырды. Сауабы мен тағылымы мол шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

Балалар үшін ең көңілді сыйлық – арнайы Шымкент қаласынан келген ертегі кейіпкерлерінің  өнері болды. Мерекелік концерттің репертуарындағы небір таңғажайып номерлерге, әртістердің шеберлігіне тек балалар ғана емес, мерекеге қатысушы ересектер де дән риза болды. Әртістер өздері ғана өнер көрсетіп қоймай, мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге қызықты ойындар ойнатып, флешмоб билетті.

Жыл он екі айда бір келетін мереке қарсаңында балдырғандарға қуаныш сыйлау біздің басты міндетіміз — дейді ұйымдастырушылар.

Сәулет есқараев,   «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.