ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында  аудан әкімі С.Мамытовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жас-тар ісі жөніндегі кеңес отырысы өткізілді.

Бүгінгі таңда ауданымызда 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 12 382. Бұл аудан халқының  28% пайызын құрайды (Жаңатас қаласында жастардың саны – 6906 (55,7%), ауылдық округтерде – 5476 (45,3%).  Жыл басынан бері қала және ауылдық округтерде жалпы саны – 853 іс-шара өткізілді, оның ішінде волонтерік бағыт – 153 (қамтылған жастар саны — 13 645).

Жиын барысында «Аудандық пробация қызметі есебінде тұрған жастармен атқарылған жұмыстар туралы» аудандық пробация қызметі бөлімшесінің инспекторы Ә.Орақов,  «Жаңатас қаласында жастар саясатының іске асырылуы туралы» Жаңатас қаласының әкімі І. Домалақов, «Жайылма ауылдық округінде жастар саясатының іске асырылуы туралы» Жайылма ауылдық округ әкімі Ж.Смағұлов, «Түркістан ауылдық округінде жастар саясатының іске асырылуы туралы» Түркістан ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ж.Жұмабай  хабарламалар жасады.

Одан кейін  ауданда жастар саясатының іске асырылуы туралы «Жастар Ресурстық орталығының» директоры М.Прімбек баяндама жасап, жастар жайын нақты көрсеткіштермен айтып өтті.

Жиында хабарламашылар жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы, оның ішінде: NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы және жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың барысы туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.

Жиын соңында аудан әкімі С.Мамытов  қала  және ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім, мекеме басшыларына күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, NEET cанатындағы жастардың кәсіптік оқыту, қайта даярлау курстарынан өтуі қамтамасыз етіліп, жастарды мемлекеттік бағдарламаларға, кәсіпкерлік мақсатта өткізілетін гранттық конкурстарға қатысуын және жаңа инновациялық жобалардың үлесін арттыру бағытында жұмыстар жүргізуді, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларды әлеуметтік және психологиялық қолдау шараларын ұйымдастырып, жастарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында шаралар қабылдап, жастарға арналған несие беру туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерде және елді мекендерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді және  жастармен жиі кездесіп ой-пікірлерін тыңдауды тапсырды.

Сондай-ақ, аудан әкімі түнгі мезгілдерде жасөспірімдердің ата-анасыз белгіленген мерзімнен тыс уақытта жүру жағдайларының алдын-алу жұмыстары, учаскелік инс-пекторлардың бекітілген аймақтары бойынша жастардың тізімін қалыптастырып, нақты шаралар атқаруды, мектептер мен колледждерде жасөсіпірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында түсіндірме жұмыстарын күшейтуді, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген жастар мен жасөспірімдерді анықтап, күнделікті тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізу қажеттігін айтты.

С.рысбекұлы,  «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.