БЕРЕКЕ-БІРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ – КЕШЕГІ ҚИЫН-ҚЫСТАУ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢНІҢ ӨЗІНДЕ ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ, ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҒЫНАСЫН, МАЗМҰНЫН ӨЗГЕРТПЕГЕН БІРДЕН-БІР ЫҚПАЛДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ДЕСЕК АРТЫҚ АЙТҚАНДЫҚ БОЛА ҚОЙМАС. ҚОҒАМНЫҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ ӨРКЕНИЕТТІ, ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗИЯЛЫ ЕКЕНДІГІ АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТПЕН ӨЛШЕНЕТІНДІГІ ДАУ ТУДЫРМАСА КЕРЕК. АҒА ҰРПАҚТЫҢ ӨНЕГЕСІ, ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ҰЛАҒАТЫ ҚОҒАМҒА ҚАЙ УАҚЫТТА ДА ҚАЖЕТ. РАСЫНДА ДА, БҮГІНГІНІҢ ҚАРИЯСЫ ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА АУЫСЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОСЫ ҚАСИЕТТІ БОЙЛАРЫНА САҚТАЙ АЛДЫ МА? ҚАЗІРГІНІҢ ҚАРИЯСЫ, АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҚСАҚАЛДАР ҚАНДАЙ ӨНЕГЕЛІ ІСІМЕН, ТОЛЫМДЫ ТӘРБИЕСІМЕН ТАНЫЛУДА? АУДАНДАҒЫ БЕРЕКЕ-БІРЛІКТІ САҚТАУДА ҚАРИЯЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ АРАЛАСУЫ ҚАЛАЙ? БІЗ ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТӨҢІРЕГІНДЕ САРЫСУ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЖАНАТ ЖҰМАДІЛДАЕВТЫ ӘҢГІМЕГЕ ТАРТҚАН ЕДІК.
ТІЛШІ: – Бүгінде ардагерлер ұйымдарының ықпалды күш ретінде саяси-қоғамдық өмірдің қалың ортасынан табылып жататындығы дау тудырмайды. Сіз басқарып отырған Сарысу ауданы ардагерлер ұйымында атқарылып жаткан игілікті істер аз емес екендігін біз жақсы білеміз.
Жанат ЖҰМАДІЛДАЕВ:
-Аудандық ардагерлер кеңе-сі өз жұмысын 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес атқарып келеді. Біз ең әуелі әрбір ардагердің назардан тыс қалмауына назар аударамыз. Олардың әрқайсысы есепке алынған ба, бастауыш ұйымдарда тізімге тіркелген бе, сол жағын қадағалап отырамыз. Біздің қоғамдық қызметіміздің басты бағыты – қаладағы және ауылдардағы зейнет жасын-дағы азаматтарымыздың белсенділігін көтеру, өмір сүру сапасының артуына қоғамдық ықпал ету шараларын қолдану. Бұл арада әрине аудан, қала және ауылдық округ әкімдерінің қолдауына арқа сүйейтініміз рас. Бірлескен іскерлік қызметіміздің нәти-жесінде ауданымызда арда-герлердің бастамашы болып ұйымдастыруымен түрлі мәде-ни-көпшілік, спорттық және қайырымдылық іс-шаралары жиі өткізіледі. Биылғы жыл-дың өзінде ардагерлердің қаты-суымен волейбол, футбол, шахмат, бильярд сынды спорт түрлерінен елуге жуық жарыс ұйымдастырылды.
Елімізде аталып өтетін бар-лық мемлекеттік және кәсіби мерекелер ауылдық округ ардагерлер кеңестері төрағалары-ның ұйымдастырумен, ардагер-лердің белсене қатысуымен аталып өтеді. Мерекелерде белсенді ардагерлер марапатталады, оларға сый-сияпат жасалады, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастыр-ылады.
Бүкіл еліміздегі үрдіс сияқты, біздің ауданымызда да ардагерлер ұйымының ұйытқы болуымен аудандық билер кеңесі құрылған. Қазіргі танда ауданымыз бойынша Жаңатас қалалық және 27 ауылдық билер кеңестерінде 37 белсенді ардагер қоғамдық қызмет атқаруда. Билер кеңестерінің құрамына ел ішінде беделді, абыройлы, ақыл-парасаты мол, біліктілігі зор, өмірлік тәжірибеге ие ардагерлер мен дін өкілдері тартылған.
ТІЛШІ:– Биылғы жылы аудандағы барлық бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтті.
Жанат ЖҰМАДІЛДАЕВ:
— «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бір-лестігінің Жарғысына сәй-кес, бастауыш ардагерлер ұйымдарында екі жарым жыл сайын есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізіп тұруымыз керек. Биыл кезекті рет бас-тауыш ұйымдарда осындай есепті жиындар өтті. Шілде айында есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізуге арналған ауылдық округтер ардагерлер кеңестері мен мекемелер бас-тауыш ардагерлер ұйымдары төрағаларының қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Семинарда биылғы өткіз-ілетін есеп беру- сайлау жиналыстарының маңыздылығы жайында пікір алмастық, бастауыш ұйым-дарда болатын есеп беру-сайлау жиналыстарының кестесі таратылып берілді. Жалпы биылғы есеп беру жиналыстары барлық бастауыш ұйымдарда жоғары белсенділік жағдайында өтті.
Жиналыстарға есептегі барлық ардагерлердің жартысынан көбі қатысты. Белсенді ардагерлер сөйледі, сын-ескертпелерін айтты. Жиналыстарға ауылдық округ әкім-дері, мекеме басшылары қатысты. Бастауыш ардагерлер ұйымдарының көпшілік төрағаларына ардагерлер зор сенім көрсетіп, қайта сайлады. Ал, 6 бастауыш ардагерлер ұйымында төрағалар жаңадан сайланды.
ТІЛШІ: – Ардагерлердің қоғам-дағы рөлі мен беделін, белсен-ділігін көтеру – негізгі міндеттердің бірі. Осы бағыттағы атқарып жатқан жұмыс-тарға тоқталып өтсеңіз.
Жанат ЖҰМАДІЛДАЕВ:
-Ардагерлердің қоғамдағы орны қашанда жоғары, беделі зор. Мәселен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының қатысуынсыз ауданда бірде-бір жиын өтпейді. Аудан әкімі тұрғындардың мәселесін шешкенде бізбен үнемі ақылдасып отырады. Ауылдық округтерде де солай, ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары барлық түйінді істердің басы-қасында жүреді. Ардагерлер аудан көлеміндегі қоғамдық, мәдени-көпшілік шараларға белсене атсалысады. Әлеуметтік жағынан аз қорғалғандарға, мұқтаж отба-сыларға қайырымдылық шараларын көрсетуден тыс қалған емес. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес өз жалғасын таба беретін болады. Ауданның дамуына өз үлестерін қосқан, ауылдың тірлігін ұйыстырып, бірлігін арттырып жүрген ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар жасалады.
ТІЛШІ:— Ардагерлер ұйым-дарының басты міндеті – ұрпақтар сабақтастығының алтын арқауын үзіп алмай, жастар арасындағы тәрбие жұмысын жандандыру деп білеміз. Бұл бағыттағы қызметтеріңіз туралы да әңгімелей отырсаңыз.
Жанат ЖҰМАДІЛДАЕВ: – Тәрбие жұмысы біздің басты назарымызда. Ардагерлеріміз мектептер мен колледждерде, жастар орталықтарында ұйымдастырылатын кездесулерге жиі барады. Әңгімелерін айтады, өнегелі өткендерімен ой бөліседі. Ардагерлердің мол тәжірибесі мен өмірден түйген, көрген-білгендерінің өзі бүгінгі ұрпақ үшін таусылмас қазына. Олардың еңбектері мен есімдерін елге насихаттауға басымдық береміз. Әрине, елі үшін тер төккен ардагерлерді құрметтеу, жарық дүниеден озғандарына лайықты тағзым ету – біздің қоғамдық қызметіміздің маңызды бағыты деп білемін. Мұндай шараларды атай берсек, көп, әрине. Ардагерлердің жарқын бейнесіне, адал еңбегіне қарап кейінгі буын бой түзейді. Ұрпақ үшін жасаған өз еңбегінің жемісін көру аға ұрпақ үшін қандай бақыт екенін сезінудің өзі бізге мәртебе. Қарияларымыз «Жастармен бірге» атты жастар онкүндігіне қатысып, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Тарихқа тағзым» атты облыстық эко-турнирінде «Ысты–Тілік баба» кесенесіне тазалық жұмыстарына жастармен бірге атсалысты. Жақында Жаңатас қаласының құрылғанына 55 жыл толуына орай үлкен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауқымды мерекенің ойдағыдай ұйымдастырылуы, әрине оңайға соқ-қан жоқ. Мерекеге әзірлік кезінде аудандық ардагерлер кеңесі, оның төралқа мүшелері, белсенділеріміз аудан басшылығына үлкен көмегін көрсетті. Сарысу өңірінің, оның ішінде Жаңатас қаласының өркендеп, дамуына елеулі үлес қосқан, еселі еңбегінің арқасында абырой биігіне көтерілген алдыңғы аға буын өкілдерінің бірі- Бектөреева Тыныштық Бегматқызына аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы Мамытовпен бірге мен және билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, «Қазақстанның Алтын кітабы» мен арнайы төсбелгісін табыс етіп, құрмет көрсеттік.
Ауданымызда құрылыс саласының дамуына өзіндік үлес қосқан Ермекбай Ақылбеков, Байтуған Рыспанов, Фатима Жақыпова, Серік Нұрмаханов, Жұмәлі Орымбаев, Кенжетай Сержанов, Оңлан Елеуқұлов, Жақсылық Якупов, Дәулеталды Жанбаев, Қорғанбай Абдықұлов, Тұрғанбай Есқұлов сияқты ардагер-құрылысшыларға да құрметіміз айрықша. Жалпы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастауымен елімізде қазан айы «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» акциясын өткізу жыл сайын дәстүрге айналған. Осыған орай Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені ЖШС-ның демеушілігімен бірқатар ауылдық округтерде тұратын аз қамтылған ардагерлер мен жалғыз басты қарттардың үйлеріне ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері азық-түлік себеттерін таратып қайтты. Өз кезегінде жасы ұлғайған шағында жан жылуы мен мейірімге зәру ардагерлер «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені ұжымына ризашылықтарын білдірді. Қараша айының басында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен және аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің туризм маманының қатысуымен ауданға еңбегі сіңген 20 ардагер азамат Түркістан қаласына саяхаттап қайтты. Қызықты сапар барысында ардагерлер Баба Түкті шашты Әзіз, Қожа Ахмет Яссауи, «Рабиа Бегім» кесенелеріне, «Қылует» жер асты мешітіне, «Ұлы Дала Елі» мұражай орталығына, «Керуен сарай» кешеніне барып, қызықтады. Ардагерлер «Тандыр» ұлттық мейрамханасында болып, астан дәм татты. Қазақ халқында «Бірлігі бар ел озар, бірлігі жоқ ел тозар»- деген терең мәнді елді бірлікке, татуластыққа, бауырмалдыққа шақыратын мақал бар.
Дүрбелеңі мен ойда жоқ оқиғалар мен жағдайларға сәт сайын тап болатын қазіргі қоғамда дәл осы мақалдың орны ерекше құнды болып көрінеді. Қысқасы, аудандық ардагерлер кеңесі, бастауыш ардагерлер ұйымдары ұлттық құндылықтарды ұлықтау, ел арасында татулық пен тұтастықты сақтау, түрлі игі істерге бастамашы болу сынды ізгілікті шаруаларды табанды түрде жалғастыра беретін болады.
Тілші:—Сұхбатыңызға рақмет!
Әңгімелескен:
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, «ҒҰМЫР–ДАРИЯ