Жасыл қала- жаса мәңгі
Қанатын кеңге жайып, дамудың даңғыл жолына түскен кеншілер шаһары жартығасырлық жастан асып, еңселі 55 жылдыққа аяқ басып жатыр. Аудан орталығына айналған Жаңатастың тарихын ақтарсақ, қиын — қыстау кезеңдерді артқа қалдырып, талай қиын жылдарды артқа тастады. Өңірдің тынысы қайта ашылып, өндіріс өркендеп, жаңаша қарқын алды. Бүгінде «Өндіріс қаласы» атанған шаһарда алпауыт зауыттар заманға ілесіп, жұмыстарын жандандыруда. Қаланың инфрақұрылымы дамып, түрлі нысандар салынып жатыр. Ендеше, жаңа бағытқа жол ашқан жасыл қаланың жарқын тынысы туралы
суреттер сөйлесін….
Жаңатас
Таңырқаумен көркіңе мен,
Сыр ашамын шертіп өлең.
Жаңатасым — құт мекенім,
Қойнауынан кен түлеген.
Қазыналы ырыс — бағың,
Кенді өңірде тыныстадым.
Жылдар..жылдар… ар жағында,
Мен сеземін тың іс барын.
Қала әлі гүлденеді,
Шуақ шашып, күн келеді.
Ынтымақ пен бірлік болсын,
Бізге бүгін ең керегі.
Бойға шуақ шашылған шын,
Талай қалды тасында сыр.
Еңселі жас 55 жыл,
Міне, жарты ғасырдасың.
Аударатын баса мәнді,
Талай сырың тасаланды.
Болашаққа бет түзеген,
Жасыл қала — жаса мәңгі!