ХLІІ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ
Өткен аптада аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталы-ғында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ХLІІ кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, «AMANAT» партиясының аудан-дық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері; бастауыш партия ұйымдарының мүшелері; партия аудандық филиалы «Жастар рухы» Жастар Қанатының мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасының орындалу барысы және партия аумақтық филиалының 2024 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы аралық есебі; Партия аумақтық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы; «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХХV (35-ші) кезектен тыс конференциясына делегаттарды сайлау туралы мәселелер қаралды. Конференцияда хабарламашылардың баяндамалары талқыланып, тиісті тапсырмалар жүктелді. Конференция соңында партияның жобалары мен атқарып жатқан жұмыстарына сүбелі үлес қосып жүргені үшін бірқатар азаматтарға «AMANAT» партиясының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары тапсырылды.
Сәулет есқараев, «Sarysý»