БЮДЖЕТ ҚАРАЛДЫ

0

үстіміздегі жылдың 17 қыркүйек күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, қала мен  ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдер мен кәсіпорындар басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен Шаттық Бапашұлы Мұсабеков жаңадан тағайындалған Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Нұрхан Ақмағанбетовты қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Бапашұлының төрағалық етуімен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 29-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда: «2024-2026 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Әр түрлі. Сессия отырысының онлайн-трансляциясы Facebook әлеуметтік желісінде (Сарысу мәслихат) қолжетімді.

Аудандық мәслихат аппараты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.