ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 24 маусымы күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 24-і сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі С.Мамытов, қала және ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім және кәсіпорын басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Аудандық мәслихаттың кезекті 24-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылдады. Олар:
Аудандағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы.
Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есепті кезеңде атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Досбол ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
Қамқалы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
Тоғызкент ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
«Сарысу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі №6-8 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы.
Сарысу ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша хабарламашылар баяндамаларын оқыды, депутаттар өздерінің сессиядан бұрын ауылдық округтер мен құрылыс нысандарына жүргізген зерделеу жұмыстарымен таныстырды. Комиссия отырысында депутаттар сауалдар қою және әр мәселені толық талқылау арқылы танысты, тиісті мекемелер өкілдерінен қажетті мәліметтер алынды. Сессия барысында депутаттар айтқан қосымша ұсыныстар қабылданып, алдағы уақытта ескерілетін болады. Сессия-дан соң депутаттар ұсыныстарын жазбаша депутаттық сауал ретінде тиісті мекемелерге жолдады.
Сессия отырысының онлайн-трансляция-сы Facebook әлеуметтік желісінде (Сарысу мәслихат) қолжетімді.
Сарысу аудандық мәслихат
Аппараты