ТАЗАЛЫҚҚА ТҰРЄЫНДАР ДА ҰЙЫТҚЫ БОЛУДА

0

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде  «Таза Қазақстан» республикалық акциясы ауданымызда бастау алғалы сенбілік серпінмен өтіп жатыр.

Ауданымызда аталмыш акция аясындағы экологиялық науқан орталық саябақта өтіп, сенбілікке аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, тазалық жұмыстарының барысын көріп, арнайы қадағалап, қала әкімі мен тиісті сала басшыларына бірқатар жұмыстарды жүктеді. «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ, «Мөлдір бұлақ» атауымен әр аптада өтіп жатқан сенбілікке тұрғындардың ерекше атсалысып жатқанын айта кету керек.  Қаламыздың 3-шағынаудан, №38 үйдің тұрғындары да тазалық жұмыстарына ұйымшылдық танытуда. Тұрғындар аулаларды тазалаумен қатар, тал егіп, әктеу, балақтауды қолға алып жатыр.  Сенбілікке қатысқан 3-шағынаудан №38 үйдің тұрғыны Б.Балғабай: -Тазалыққа әрқайсымыз жауап-кершілік танытуымыз қажет. Бұл ретте бірлігі жарасқан ауланың тұрғындарына ризашылығымды жеткізгім келеді. Басқа аулаларда да осындай жұмыстар жүргізілсе, қаламыз көркейіп, «Таза қала» атанатын еді, — деді.

Сенбілік жұмыстары ауылдық округтерде де жалғасты. «Киелі мекен» апталығы аясында ауылдарға кірер жол бойындағы  жасыл белдеулердің арық жүйелерін күл-қоқыстан тазалау жұмыстары  жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.