ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МІНДЕТ
Е.Қарашөкеев: «Жасөркен ауылында барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде. 300-ге жуық адам және 60-қа тарта техника жұмылдырылды»
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданындағы Жасөркен ауылының аумағын және оған іргелес аумақтарды тексерді.
Қазіргі уақытта су деңгейі 40 см-ден 10 см-ге төмендеді. Суды айдау үшін елді мекеннің су басқан үйлерінің аумағында мотопомпалар жұмыс істеуде. Тау бөлігіндегі көлбеу ағынды кері қайтару мақсатында 60-қа жуық техника жұмылдырылған. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары уақытша онлайн білім алатын болады. Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде сағат шамамен 20.00-ден кейін толассыз жауын-шашынның салдарынан көлбеу ағын пайда болды. Салдарынан Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында 30-дан астам үй ауласының аумағын, оның ішінде бір тұрғын үй мен уақытша құрылыс нысанына су кірген. Адам шығыны жоқ. Мал өлімі фактілері тіркелген жоқ.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі