ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

0

Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 21-і сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі С.Мамытов, қала және ауылдық округтер әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдер  мен кәсіпорындар басшылары қатысты. Аудандық мәслихаттың кезекті 21-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылдады. Олар:

Ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бойынша атқарылған жұмыстар туралы. Қазақстан Республикасының жер заңдарының талаптарына сәйкес жер қатынастарын реттеу, жерді ұтымды пайдалану мен қорғау бойынша іс-шаралардың атқарылуы туралы.

Игілік ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

Жайылма ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

«Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі №6-8 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы.

Сарысу ауданы Жаңатас қаласының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.

Сайлаушылардан түскен өтініштер бойынша қабылданған шаралар туралы аудандық мәслихат төрағасының баяндамасы.

Сарысу ауданы бойынша 2028 жылға дейінгі қоғамдық тәртіпті сақтау аясындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Сарысу ауданы әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттерін және қызметін жеткізу бағалау критерийлері туралы

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша хабарламашылар баяндамаларын оқыды, депутаттар өздерінің сессиядан бұрын ауылдық округтер мен құрылыс  нысандарына жүргізген зерделеу жұмыстарымен таныстырды. Комиссия отырысында депутаттар сауалдар қою арқылы әр мәселені толық талқылау арқылы танысты, тиісті мекемелер өкілдерінен қажетті мәліметтер алынды. Сессия барысында депутаттар айтқан қосымша ұсыныстар қабылданып, алдағы уақытта ескерілетін болады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Айнабековтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс, әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі «Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның атқарып отырған жұмыстары туралы» мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Қ.Серимов баяндама жасады. Аудандық мәслихаттың депутаттары қойған сауалдарға баяндамашылар тарапынан тиісті жауаптар берілді. Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер қатысушылармен талқыланып, қабылданды.

Сессия отырысының онлайн-трансляциясы Facebook әлеуметтік желісінде (Сарысу мәслихат) қолжетімді.

Аудандық  мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.