КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ
Аудандағы жалпы егістік жердің көлемі 24 914 гектар. 2024 жылдың өнімі 23 715 гектарға алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарын
орналастыру
жоспарланды.
Атап айтқанда:
— Күздік бидай – 4 500 га; (егілді)
— Арпа – 4 000 га;
— Дәндік жүгері – 1 065 га;
— Майлы дақылдар (мақсары) – 8 200 га;
— Картоп – 10 га;
— Көкөніс – 15 га;
— Бақша – 25 га;
— Мал азығы дақылдары – 5 900 га, оның ішінде жаңадан егілетіні 1500 га;
— 885 гектар алқапта сүр көтеріледі.
Жазғы дақылдар егілетін аумақ көлемі 14815 га құрайды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 4100 га жуық жер айдалып, 3350 га жуық ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде, 2485 га жаздық масақты дақылдар, 330 га мақсары, 533 га жоңышқа және 2 га картоп, бақша дақылдары. Көктемгі дала жұмыстарына әзірге 65 шаруа қожалық қатысуда. Егіс егу науқаны мамыр айының ортасына дейін жалғасатын болады.
Көктемгі дала жұмыстарына 680 тонна жаздық арпа тұқымы, 164 тонна мақсары тұқымы, 21 тонна дәндік жүгері тұқымы, 25 тонна жоңышқа тұқымы дайындалды. Қосымша 25 тонна картоп тұқымы және 0,4 тонна көкөніс және бақша дақылдарының тұқымдары дайындалуда.
Егін егу науқанына қатысатын техника саны 406 бірлік. Оның ішінде, түрлі қуаттағы 260 тракторлар, 45 соқа, 32 қопсытқыш (БДД), 65 дән сепкіш және 4 тұқым дәрілеуге арналған техникалар. Шаруашылықтарды арзандатылған дизель отынымен қамту үшін 700 тонна жеңілдетілген дизель отынына сұраныс берілген болатын. Оператор болып ЖК «Сарыпбекова» таңдалды. Дизель отынының бағасы 250 теңге/литріне болып бекітілді. Ақпан-наурыз айына операторға 367,6 тонна дизель отыны жеткізілді. Бүгінгі таңда 110,0 тонна дизель шаруашылықтарға таратылды. Қазіргі таңда операторда 267,6 тонна дизель отынының қоры бар. Аудан шаруа қожалықтары тарапынан «Каз Кемикалс Трейдинг Хаус» және «КазАзот» компанияларынан селитра және аммофос тыңайтқыштарын сатып алуға 301,5 тонна келісім-шарт жасалды. Оның ішінде, 121,8 тонна (61,8 тн селитра, 60 тн аммофос) тыңайтқыш шаруа қожалықтарға жөнелтілді.
«Кең дала» бағдарламасы аясында «Саудакент несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 16 шаруа қожалыққа жалпы құны 86,3 млн. теңгеге көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруашылықтарға төменгі пайызбен несиелер берілді. Ауданда егістік жерлерді суғаруға арналған 2 су қоймасы және 16 су жеткізу каналдары бар.
Каналдардың жалпы ұзындығы 109,4 км. 2024 жылы жалпы вегетациялық кезеңде 27,4 млн. м3 су пайдаланылады деп күтілуде. «Ынталы» су қоймасының су сыйымдылығы 30 млн. м3 су болса, бүгінгі күнге 29,0 млн. м3 (96%) қалдығы бар. «Бүркітті» су қоймасының су сыйымдылығы 8,3 млн. м3 болса, бүгінгі күнге 4,4 млн. м3 (53%) су қалдығы бар. Байқадам, Жаңаталап, Игілік және Жайылма ауылдық округтерінде бүгінге дейін су каналдарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Бүгінде 70 шақырым су каналдарының бойы тазаланып, шаруашылықтарға су беру жұмыстары басталды. Көктемгі дала жұмыстарының барысы күнделікті бақылауда.
Н.Молдабеков, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы