Лезингке трактор алды

0

Бүгінгі таңда  ауданымызда  ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді.Шаруа қожалықтың шаруалары дөңгеленіп, мемлекет тарапынан қолдаулар алуда.

Соңғы жылдары әлемде лизингтік жүйе жұмыс жасайды. Аталмыш тәжірибе бізге де келіп жетті. Ендігі таңда ауыл шаруашылығына арналған техниканы лизинг арқылы алуға болады. Бұл қаржы жоқ болса да, кәсіп бастауға мүмкіндік береді. Тиімді. Біріншіден қаржы табуға уақыт жоғалтпайсыз. Екіншіден бұл жаңа техниканы алуға деген мүмкіндік. Лизинг арқылы трактор, егін егу техникасы мен мал тасымалдау техникасы, тіркемелі техникалық жабдықтарды алуға болады. Мемлекет тарапынан  қолдауларды тиімді пайдаланып жүрген ауданымыздағы шаруа қожалықтары да баршылық. Солардың бірі  Игілік ауылдық округіне қарасты «Ынтымақ-2001» шаруа қожалығының төрағасы Әділет Исабаев   лизинг негізінде «МТЗ-892.2» Беларус тракторын сатып алды.

«Ынтымақ-2001» шаруа қожалығының төрағасы өз сөзінде:

-Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жол-дауларында ауыл шаруашылықты дамыту бағдарламаларын қолға алып келеді.

«Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Бұл шындық. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін ең алдымен оның дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді анықтауға тиіспіз. Оларды біртіндеп шешуді қолға алсақ, алға қойған мақсаттар да өздігінен орындала бастайды. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді.  Егін, мал шаруашылықтарын қарқынды дамыту мақсатында осы техниканы алдым. Ауыл – қазақтың тал бесігі. Ауыл – қазақтың Отаны. Ауыл – тағылымды тәлім-тәрбиенің ордасы. Қазақы қасиеттер ауылдан бастау алады. Міне, сондықтан да ауыл қамқорлықтан, жанашырлықтан қағажу қалмау керек. Қолдан келсе ауылды көркейтіп, гүлдендірейік,-деді.

Иә, ауыл мен қаланың көркеюі, жасыл желекке орануы-жарқын болашақтың кепілі. Ауылға көңіл бөлу-осы елдегі барлық тұрғындардың міндеті.

Сондықтан алтын бесік-ауылды көркейту біздің парызымыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.