Ораза айт-ізгіліктің мерекесі

0

Айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айы соңына жетіп, барша мұсылман қасиетті айды тақуалықпен,

оразамен өткізді.

Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылды. Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке.

Осы орайда, ауданымызда Ораза айт мерекесі өткізілді. Орталық мешіттің іші адамғалық толы болды. Алдымен жамағат айтты орталық мешітте  айт намазын оқудан бастады.  Аудандық орталық мешіттің бас имамы Айбек Кәрімбаев қасиетті айдың құндылығына тоқтала кетіп, барша мұсылманды айт мерекесімен құттықтады.

Мұнан соң мешіттің алдында арнайы әзірленген мерекелік дастарқаннан дәм татып, бір-бірін құттықтап жатты. Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу» орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен спорт кешенінде түрлі спорттық сайыстар өткізілді. Рухани құндылықтарды сақтап, сабырлыққа, тақуалыққа үндейтін қасиетті айдың мәні тереңде екенін әрбір мұсылманның ұғынатынына сенім мол.

Самат Тоқбанов,  

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.