«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті
Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Құрылтайда: — Тазалық пен ұқыптылық күнделікті өмір салтымызға айналуы қажет. Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек.
Жұрттың бәрі өз үйінің жайлы әрі әдемі болғанын қалайды. Бұл – дұрыс. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға да дәл сондай жанашыр көзбен қарауға тиіс. Қазақстан – бәрімізге ортақ, оның қандай болатыны тек бізге байланыс-ты. Яғни, біз іші де, сырты да бүтін ел болуымыз керек, — деп тазалыққа мән беру керектігі туралы баса айтты.
Осы орайда елі-мізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауданымызда тазалық жұмыстары жүргізілді. Бірлікпен басталған шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, жастар өкілдері мен тұрғындар қатысты. Шараның ашылуында аудан басшысы С.Үмбетұлы сөз сөйледі:-Әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың тазалығы – тұтастай ауданның тазалығы. Туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, өлкенің экологиялық тазалығына атсалысу әр азаматтың борышы. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген. Әр елді мекеннің тазалығы, сәулеті мен көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты, — деп барша тұрғындарды аталмыш шараның маңыздылығын ескере отырып, белсенділік танытуға шақырды. Акция барысында Жаңатас қаласындағы Орталық саябақтағы «Комсомол» көлінің маңайы күл-қоқыстан тазаланды. Акцияға 40-тан аса мекеме, кәсіпорыннан 300-ге тарта адам қатысты. Шара барлық ауылдық округтерде ауызбіршілікпен ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде: — Елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптасуы керек.
Онда елдің бірлігі және тұрақтылығы, азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтар үстемдік құруы қажет. Отаншылдық, адамгер-шілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс, -деп елді ұйымшылдыққа, бірлікке шақырды.
Серпінмен басталған тазалық шаралары алдағы уақытта да іске аса бермек.