ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
Халық пен билік арасындағы байланыс тығыз болуы қажет. Осыған орай, ел Президентінің халық үніне құлақ асатын үкімет тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында өткен аптада аудан әкімі
Сәкен Мамытов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілер алаңдатқан маңызды мәселелерді қозғап, өздерінің сауалдарын жолдады. Атап айтар болсақ тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу, уақытша үй-жайға орналасу және өзге де жеке мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға әрбір тұрғын тарапынан айтылған мәселелерді назарда ұстап, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма жүктеді.
Сәулет есқараев,
«Sarysý»