ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ
Апта ішінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Қ. Серимовтың төрағалығымен «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі» аудандық комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері мен «ЕвроХим-Тыңайтқыш» компаниясының өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «ЕвроХим-Тыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі И.Расылхан компанияның атқарған және ауданға қолдау көрсетіп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Одан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Байқадам ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ж.Құлыбеков округте атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Қ. Серимов бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
— Кәсіпорындағы еңбек жағдайларының ахуалына тұрақты мониторинг жүргізіп, орын алуы мүмкін наразылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізіп, орын алған оқиғалар туралы жергілікті атқарушы органдарды және еңбек инспекциясын уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етсін. Жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату кезінде еңбек қатынастарының заң талаптарына сәйкес рәсімделуін, мерзімінде электронды жүретін автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізілуін және жұмыскерлер үшін қауіпсіздік жағдайын жақсарту бағытында шараларды қабылдасын. Сонымен қатар, кәсіпорында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Халықтық бақылау жобасы» мен «Нөлдік жарақаттану – Vizion Zero» тұжырымдамасын енгізу жұмыстарын жүргізуді, жалақы мен басқа да әлеуметтік міндетті аударымдардың уақытылы әрі толық аударылуын қамтамасыз етіп, жұмыскерлердің жалақыларын көтеру бағытында пәрменді шаралар қабылдауды қолға алсын.
Сондай-ақ аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жаңатас қаласы мен барлық ауылдық округ әкімдеріне жеке кәсіпкерлік субъектілерде бейресми қызмет етіп жүрген барлық азаматтардың еңбек қатынастарын заңдастыру бағытында жұмыстарды жандандырсын. Аудандағы барлық мекеме, кәсіпорындардағы жұмыскерлердің жалақыларының уақытылы төленуін тұрақты бақылауда ұстасын. Барлық ұжымдарда ұжымдық шарттардың болуын, жұмыс атқаруын ұйымдастырсын. Ірі және орта кәсіпкерлік субъектілерде, әр бағыттағы салаларда тиісті кәсіподақтардың ашылуын қолға алып, арнайы тіркеуден өту арқылы жұмыс атқаруын ұйымдастырсын. Жалпы тікелей өндірістік жұмыстарды атқарып отырған жұмыскерлердің жағдайын жасау біз үшін өте маңызды.
Жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік көңіл-күйдің қанағаттанарлық деңгейде болуы мемлекет үшін аса қажет, -деп еңбек шиеленістері мен дауларының алдын алу, әлеуметтік-саяси ахуалды тұрақтандыру барысында жоспарлы жұмыстар атқару қажеттігін айтты.
Сәулет ЕСҚАРАЕВ, «Sarysý»
Ўсыныс-пікірлер айтылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық дейгейдегі әкімдердің 2024 жылға арналған халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі бекітілген.
Осыған орай аудандық мәдениет үйінде Жаңатас қаласының әкімі І. Домалақовтың қала тұрғындарымен кездесу жиыны өткізілді. Аудан әкімі аппаратының өкілі ретінде Сақыпбеков Жұмат Жұмабекұлы модератор болып қатысты. Жиынға қалалық ардагерлер кеңесі мен алқаби мүшелері, бөлім басшылары, мекеме және кәсіпорын басшылары, білім беру ұйымдары және қала тұрғындары қатысты.
Кездесуде Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақов 2023 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы атқарылған және 2024 жылға атқарылатын жұмыстары туралы баяндап өтті.
Кездесу барысында қала тұрғындары өз сұрақтарын қойып, түрлі сала бойынша ұсыныс-пікірлері мен сауалдарын жеткізді.
Қала тұрғындары жиында белсенділік танытып, — Саяжай елді мекеніндегі жарық, су және жол, 1-60 көпқабатты үйдің ішкі және сыртқы құрылысына наразы екендігін, елді мекендегі Ш.Датқа, К.Әзербаев, Нұрпейісов, Аяпов көшелерін жарықтандыру, Бүркітті елді-мекеніндегі 16 шағын ауданға ауыз су мәселесін жеткізді.
Одан кейін қараусыз жүрген ит-мысықтарды аулау, қаладағы бұзылып тұрған барлық балалар ойын алаңшаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жасау, Шанхай елді мекенінен қалаға қатынайтын автобус және аялдама соғу ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар көмір бағасын кәсіпкерлермен келісе отырып түсіруді және электрондық таразы қою, орталық базар және орталық аурухана көшелерінің жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілсе, қала көлемінде жастарға арналған ойын-сауық орталығын, саябақ немесе арбат соғу, Нұрпейісов көшесіндегі жол және жарық бағаналарын орнату, Дегерес елді мекеніндегі «Болашақ» бала-бақшасының мәселесін айтты.
Сондай-ақ 2 мөлтек ауданы, 17-18 көпқабатты тұрғын үйлердің арасындағы жол және балалар ойын алаңшасын, 8 көпқабатты тұрғын үйлердің жанындағы көлік тұрағы және жол мәселелерін көтерді.
Көтерілген мәселелерге қала әкімі заң аясында жауап беріп,іс-шара жұмыстары жасақталып, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі аппаратының өкілі Жұмат Сақыпбеков қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлері мен сауалдары бойынша Жаңатас қаласы әкімі Ілияс Әлімбайұлына арнайы іс-шаралар жасалсын делінді.
Осы орайда Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақов көтерілген мәселелер мен ескертпелер бойынша алдағы уақытта шешімін табатындығын айтты.
Жастардыѕ алаѕы-Jaidarman
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда ең ықпалды ең креативті дүние болып табылатын «Жайдарман» ойыны әзілдің нағыз ортасына айналған. Жылдың басында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің кубогі үшін жастар арасында «Жайдарман» ойыны бастау алған.
Командалар арасында іріктеліп, кіл мықтылар сынға түскен сайыс өткен аптаның сенбісі күні аудандық мәдениет үйінде осы аудан әкімінің кубогіне арналған «Жайдарманның» финалдық жарысымен аяқталды. Ойынды елімізге танымал жайдарманшы М.Шәймерден жүргізді.
Финалдық ойынның ашылуында аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Рысдәулет құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа Жаңатас қаласындағы Ш.Уәлиханов, М.Әуезов атындағы мектеп — гимназияларының, Абылай хан атындағы мектеп- лицейінің, Жаңатас көпсалалы колледжінің, Жайылма ауылындағы Әйтеке би орта мектебінің және Тараз қаласынан келген «»Форбес», «Құмшағал» командалары қатысты. Ойын сәлемдесу кезеңінен тұрды. Сайысқа аудандық мәслихат депутаты Б.Балғабай, қоғам белсендісі С.Жанкужаев, асаба М.Әлімбайұлы, жеке кәсіпкер Ә.Едігеева және «Жастар ресурстық орталығының» директоры А.Пазылбеков әділ қазылық етті. Тартысты өткен ойында бас жүлдені және Сарысу ауданы әкімінің кубогін Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің командасы жеңіп алды. Мәреге қатар келген Ш. Уәлиханов және М.Әуезов атындағы мектеп- гимназияларының командалары бірінші орынды өзара бөлісті. Жүлделі екінші орынға Тараз қаласының «Құмшағал» командасы, үшінші орынға Жаңатас көпсалалы колледжінің «Жаңа Париж» командасы ие болды.
Жарыстың жеңімпазы Абылай хан мектеп-лицейінің жас жайдарманшыларына арнайы диплом мен аудан әкімінің кубогін, сондай-ақ, өзге де жүлдегерлер мен жарысқа қатысушы командаларға дипломдар мен заттай сыйлықтарды аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Рысдәулет және Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақов табыс етті. Ойын барысында Тараз қаласынан келген «Айналайын», «Бренд», «Метеорит», «Темірлан және оның достары» атты қонақ командалар өз өнерлерін көрсетті. Көрермендердің көңілін көтерген бұл қонақ командаларға және жекелеген ойыншыларға ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар тапсырылды.
Алғашқы сенбілік
Қыс бітіп, көктемнің алғашқы күнінде күннің жылынуымен қауырт тіршілік те бастау алды. Қаламыздың реңі кіріп, ағаштар бүр ашты. Тазалықтың басты белгісі болып табылатын сенбілік жұмыстары да серпінмен басталып, тазалық жұмыстары жүзеге асты.
Аптаның сенбісінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, алғашқы сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Оған мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен тұрғындар қатысты. Қамтылған адам саны — 303, 29 мекеме сенбілікке шықты. Шығарылған қоқыс 2,9 тонна, тазаланған арық — 260 метрді құрады. Тазалық жұмыстары барысында қаладан күл-қоқыстар шығарылды.
Күннің суықтығына қарамастан сенбілікке бір кісідей атсалысқандар бірліктің үлгісін осылай таныта білді.
Самат Тоқбанов, «Sarysý»