Ауданнан шыққан тұңғыш механизатор

0

Ана бір ќолымен бесікті тербетсе, екінші ќолымен әлемді тербетеді.  «Алып анадан туады» деген. Әр ќашанда ананыѕ орны бўл бес кїндік дїниеде ерекше.

Ауданымызда өнер айдынында жүзген бұлбұл әншілер,  ақын-жазушы,  қазақты әлемге танытқан домбырашылар,  шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан ұстаздар,  әр салада адал қызмет атқарған һәм атқарып жүрген нәзік жанды азаматшалар кейінгі жастарға үлгі-өнеге.  Мереке қарсаңында ауданымыздан шыққан тұңғыш механизатор Әсем Мұздыбаева жайлы қалың оқырманның назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Әсем апа 78 жасты алқымдаған отбасының ұйытқысы,  ұл- қыздарының, бауырларының ақылшысы,  немере-шөберелерінің ақ жаулықты әжесі.  Уақытты ойша кері айналдырып,  апаның салып кеткен сара жолына сапарға шығайық.

Еңбек ардагері Әсем Мұздыбаева бұрынғы аудан орталығы болған Байқадам ауылдық округінде тұрып жатыр. Ақ жаулықты апа әкесінен  6 жасында көз жазып қалады.  Мектеп табалдырығын 4  жыл кейін аттап, 1967 жылы 21 жасында бітіріп шығады.   Мектеп шағынан бастап жаз айларында еңбекке араласты.  10 жылдық мектепті жақсы бағамен бітіріп,      арманын арқалап Алматы қаласындағы  филология факультетіне оқуға түсуге барады.  Сол жылы оқуға түспей қалып, туған ауылына келеді.  Өжет қыз белін бекем буып,  кеңшардың жүмысына білек сыбана кіріседі.  Кеңшарда  жұмыстың ауырлығына қарамастан трактордың тіркемесіне тайланған шөптерді айырмен лақтырып, қосымша жұмыстарды жасап жүрді. Ер азаматтан кем қимылдаған жоқ. Жас қыз өз бетінше трактор жүргізіп үйренді. Содан, кеңшардың жұмысшысы болып жүргенде  механизаторлар дайындайтын үш айлық курсты оқуға жолдама алады. Тракторшы мамандығын игеруге қарсы болмай бірден келісті. Механизатор мамандығын оқып жүргенде білікті ұстаз  Қыстаубай Әлиевтың шәкірті болады. Механизаторлық курсын үздік бағамен бітіріп шығады. Тәжірибелі жас маманға «Әсем Мұздыбаеваға» деген жазуы бар тракторды  кеңшардың басшылары арнайы береді. Трактор роліне отырған апамыз кеңшардың қызу қайнаған жұмысына кірісіп кетеді.

— Жұрт қызығып қарайды, мен айдауға жүрексініп жүрмін. Ферма меңгерушіміз–Тұрсынбек Есімбеков, трактор бригадасының бригадирі–Аралбек Төлебаев. Ақыры, үшінші күні Аралбек ағай ертіп барып, қызыл тракторға отырғызып жіберді. Содан тракторды жүргізіп кеттім. Серік Исабеков деген тәжірибелі тракторшының жанында болдым. Бірге жер жыртамыз. Сол кісі не істесе, соны істеп жүрдім. Бірақ, соқа тіркеп беретін сол. Менікі тракторды жүргізу жағы. Бір күні өзім неге тіркемеймін деген ойға бекіндім. Үйге түскі үзіліске бардым. Анам түскі ас әзірлеп қойыпты. Әншейінде, асықпай отыратын мен 15 минут қана отырып, жылдамдатып қайта шықтым. Ештеңеге қарамай, егіс даласына келдім. Соқаны оңашада тіркеп алайын деп жүрмін ғой, содан тіркей алмай бір сағат әурелендім. Бір сағаттың ішінде ақ тер, көк терге түсіп, тіркеп біттім. Соқа тіркеуді осылай үйрендім. Әрі қарай трактормен жасалатын барлық шаруаны меңгердім. Тіркеме тіркеп, малды ауылға шөп те тасыдық. Қырманға жүгері- бидай да тасыдық. Сөйтсем, қыздар арасынан Сарысу ауданы бойынша алғаш трактор рөліне отырған маман мен екенмін, -деді.

Жолдасы Омарғали атамыз екеуі төрт ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Перзенттерін өсіп жетілдірді. Сол ұрпақтарынан тараған немерелерінің ақылшы бәйтерегі.

 Әсем Мұздыбаеваның ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегі еленіп, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Мәскеу қаласында өткен бүкілодақтық механизатор әйелдерге арналған семинардың екі мәрте делегаты. Венгрия елінде өткен халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне де қатысқан. Аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болды. Екі мәрте облыстық кеңестің депутаты болып, халықтың ұсыныс-пікірлерін басшыларға жеткізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді шешуге атсалысты. «Құрмет» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. «Сарысу ауданының Құрметті азаматы» атанды.

Өмірдің рахатын еңбектен тапқан, кейінгі жастарға үлгі болып жүрген  ақ жаулықты, еңбек ардагері Ә.Мұздыбаева апамызды келіп жеткен Халықаралық әйелдер күнімен редакциямыздың атынан шын жүректен құттықтаймыз.

Алтын ќўрсаќты ана

Ауданымызда көпбалалы  ана атанып, халық санын көбейтуге үлес қосып   жүрген аналарымыз көп.

               Солардың бірі — Жаңатас

      қаласының тұрғыны, 7 баланы өмірге әкелген

    алтын құрсақты ана — Кулбаева Бақыткүл Сенбайқызы.

 

Алтын алқа иегері 1984 жылдың 12 наурызында Жаңатас қаласында дүниеге келген. Өмірлік мақсатын нық ұстаған аяулы жан 2006 жылы 8 сәуірде жолдасы Айдос Искаковпен бірге отау құрады. Алланың бергенінен берері таусылмасын дегендей, бақытты әрі тату-тәтті жұптың шаңырағына құт қонып, көпбалалы ана атануды нәсіп еткен екен. Нәзік жанды аудандық орталық аурухананың мейірбикесі болып қызмет атқарады. Бүгінде бала күтіміне байланысты, еңбек демалысында. Жолдасы Айдос Абдуманапұлы жеке шаруашылықтарда жұмыс атқарады. Темірден түйін түйіп, қара жұмыста шыңдалған азамат бар жылуын отбасына арнап жүр. Отағасын ерім деп сыйлайтын мейірімді әйелдің бар тілегі бала-шағаның амандығы. 5 ұл мен 2 қызды өмірге әкеліп, ана атану сезімін жасырмаған Бақыткүл ханым: — Балалы үй базар демекші, үйдің бар жылуы да, шамшырағы да менің балаларым. Көп балалы ана атануды қазіргі жастар құп көрмей жатады. Дегенмен, әр баланың өз несібесі болады дегенді ұмытпауымыз керек. Бүгінгі әйелдер күні мерекесіне орай, барлық аналарға тілерім дендеріңіз сау болсын, шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін, — деп жылы лебізін білдірді. Биыл 40 жасқа толғалы отырған әйел құдай беріп жатса ана атанудан қашпайтынын айтты. Өткен жылы «Жас-тар ресурстық орталығының» қызметкерлері Отбасы күніне орай, берекелі шаңыраққа кіріп, сый -сияпат көрсеткен болатын. Бұл да көпбалалы анаға деген құрметтің белгісі. Ендеше, отбасының шырағын сөндірмей жүрген Бақыткүл Сенбайқызын да біз де мерекемен құттықтай отырып, отбасына амандық тілейміз.

Мереке кїніндегі мейірімділік

Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай, «Іскер әйелдер» қоғамдық бірлестігі мен қаламыздағы кәсіпкерлердің мұрындық болуымен бірқатар қайырымдылық шараларын өткізді.

Игі іс барысында қаладағы тұрмысы төмен 20 отбасыға тегін азық-түлік пакеттері таратылып, бір отбасыға 50 мың теңгеге дәрі -дәрмек алуына көмек көрсетілді. Өз кезегінде тұрғындар алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.

Айта кетейік, құрылғанына көп уақыт болмаса да  игі  істердің басы-қасында жүрген «Іскер әйелдер» қоғамдық бірлестігінің атқарған қайырымдылық  жұмыстары жетерлік. Бірлес-тіктің төрайымы Р.Ашимова:-Біздің мақсатымыз- қолымыздан келгенше игі істерге белсене кірісіп, жылу іздеген жандарға қол ұшын беру болып табылады. Мейірімділікке жетелейтін жақсылық жасау әрекеттері адамға расында қуаныш сыйлайды. Сол себептен аталмыш шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба береді, — деп ізгі тілегін білдірді.

Меніѕ ўстазым…

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім мамандығы — барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз  алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.

Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Мен де мереке қарсаңында аудандық газетке өзімнің ұстазым жайлы жазғанды жөн көрдім. Ұстазым Меруерт Бекқұлқызы Оразбаева орта мектепті үздік бітіріп, Шымкент университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бөліміне оқуға түсіп, білім ордасын 2012 жылы бітіріп, диплом алып шығады. М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 2013 жылдан бері бастауыш сынып оқушыларын білім нәрімен сусындатып келеді.

Мен алғаш мектеп табалдырығын имене, қорқа аттағанымда жылы жүзді апай өзінің ұстазы екендігін айтып, оқушылардың қасына отырғызды. Міне, сол күннен бас-тап, әріпті танытқаннан бері апайымыздың қарапайымдылығына, мейірімділігіне тәнті болып келеміз. Сыныпта оқушылар арасында келіспеушіліктер болса, немесе, сабаққа дайындықсыз келген оқушылар болса, ақырын отырып ақылын айтып, түзу жолға бас-тайды. Биыл біз, бастауышпен қоштасып, жоғары сыныптарға аяқ басамыз. Меруерт апайымыздың берген білімі мен тәрбиесінің арқасында білімімізді шыңдап, жоғары сыныптарда да үздік оқып, мектебіміздің атын шығаратын, ұстаздарымыз бізбен мақтана алатындай шәкірт боламыз деп ойлаймын. Сыныптағы барлық оқушылар жақсы көреді, сыйлайды. Біздің апайымыз осындай. Мереке қарсаңында шәкірттері атынан құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасына береке, еңбегіне жеміс тілеймін.

Әділхан Майконұлы,

М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы

Анама алєыс пен кешірім

Жалғаныма жағып берген өшпейтін бір шырақты,

Үйретумен адамшылық, ар-ождан мен ұятты…

Көптен бері ақ анама арнау жазбай кетіп ем,

Міне, бүгін соның сәті түсіп тұрған сияқты!

 

Мейлі, құлап, тұрармын һәм шыдармын да, жығармын,

Сенің берген тәрбиең ғой бәрі дерлік бұлардың.

Ешбір ердің есіркеуін елемей-ақ бір өзің,

Бұл балаңды ел сүйсінер нағыз ер ғып шығардың!

 

Сәби күнгі секем бе екен, кейде сізден тартынам,

Бірақ, мама, көп жағдайда мен сіз үшін талпынам.

Бірәз істің байыбына енді барып жатырмын,

Кеш болса да, еш емес қой, орнын әлі-ақ толтырам…

 

Мама, сізге деген мендік махаббаттың бәрі шын,

Бес-ақ күндік қамсыз қайран өмірімнің мәнісің…

Кейде ренжіп маған…

Менің сізден алған өнегем,

Шығардыңыз жүретін ғып отбасының қамы үшін!

 

Тұғырыңыз құламайды, бойыңызды тіктеңіз,

Зор өтініш: санаңызға жақсы ойды жүктеңіз!

Бұл фәниде мені жақын танитын жан сіз ғана,

Сондық менен еш уақытта жаманшылық күтпеңіз!

 

Сіз барда мен бүлдіршінмін, қателесем әмәндә,

Сіздің бата болмаса егер жүрек тыныш табар ма?!…

Мен үшін деп сіз жасаған жақсылықтың барлығы,

Ұмытпастай болып менің сақтаулы тұр санамда!

 

Жиі болды алдыңызда мүжілген сәт бармағым,

Қарамастан ешбіріне мені әрдайым қолдадың!

Іште жатқан сырларым көп сізге менің, алайда,

Бұл жырымды кешірім мен алғыс үшін арнадым!

 

Сізден өзге тоқшылық та, жоқшылық та болмаған,

Қайта оралам мекеніме, уақыт бергін сәл маған…

Сізге деген менде бардың бәрін Алла біледі,

Соның бәрі еселеніп қайтар бір күн Алладан!

Бекайдар Аманбаев,

жас ақын

Еѕбегі адал жўмысшы

Ќара жўмыста ќара нардай ауыр жїкті мойымай кґтеру ер адамєа тән тірлік дейтін болсаќ, бїгінде сол жўмыстардыѕ ішінде жїріп, адал еѕбектіѕ наны жеп жїрген нәзік жандыларымыз баршылыќ.

Күннің суығында қар күреп, ыстығында көше сыпыру әсте оңай шаруа емес. Осы орайда қоғамдық жұмысқа 28 жылын арнаған, көшенің тазалығына өлшеусіз үлес қосып жүрген қызметкерлердің бірі — Анарова Күлғайша Мұсатайқызы. Еңбегімен елге сүйкімді болған жан 1963 жылы 4 сәуірде Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Жаңатас қаласына көшіп келді. Осында тұрмыстың күйін кешкен ана бала — шағаның қамы үшін еңбекке ерте араласады. Жолдасынан айырылып тағдырдың ауыр сынағын бастан өткеріп, 2 ұл, 2 қызды өмірге әкелген ана балаларын ешкімнен кем қылмай жеткізіп келеді. Көп жылдар бойы атқарған жұмыстары еленіп, өткен жылы Сарысу ауданына 95 жыл толуына орай, арнайы төсбелгімен марапатталды.

Сондай-ақ, қала әкімінің де Алғыс хатына ие болды. Ұзақ уақыт қара жұмыстың дәмін татқан қарапайым жұмысшы биыл зейнетке шыққалы жатыр. Көп жылғы еңбектің ақталғаны осы болар бәлкім.

Өз сөзінде Күлғайша Мұсатайқызы: — Мен талай жылдар бойы өз ісіме адалдықпен еңбек етіп келемін. Міне, жақында зейнетке шығатын уақыт келді. Ендігі мақсатым бейнеттің зейнетін көріп, қалған уақытымды ұл-қыздарым мен немерелеріме арнаймын. Бейбітшілік мекендеген бүгінгі заманда бақытты өмір сүріп жүргеніме шүкіршілік етемін. Аналардың мерекесіне орай, барлық нәзікжандыларды айтулы күнмен құттықтаймын. Барлықтарыңызға отбастарыңызға амандық тілеймін, -деді ағынан жарыла. Ендеше, жүзінен жылулық есіп, бойынан қуаты сарқылмаған анамызға ұзақ ғұмыр тілейміз.

Ќолы ашыќ кәсіпкер

Біз бүгін мереке қарсаңында кәсіптің көзін тауып, тынбай тірлік жасап жүрген жеке кәсіпкерлердің бірі Кариева Маржан Мұратқызы туралы айтпақпыз. Өз ісіне мығым бизнес воумен 1987 жылы 2 маусымда Байқадам ауылында дүниеге келген.  Ата -анасының кәсіпкерлік саласын ары қарай жалғастырып, кәсібін дөңгелету жолында талай жыл еңбек етеді. Нақты мақсатта нақты нәтиже болады дегендей, берекелі тірліктің арқасында 2019 жылы туған ауылында «Дара» шағын маркетін ашады. Ішіне келген тұтынушы мұнда азық-түлікпен қатар, киім — кешектер мен тұрмыстық керекті заттарды таба алады. Мың түрлі тауарларды ұсынып, істің көзін таба білген Маржан Мұратқызының мақсаты да айқын. Отбасында 2 ұл, 1 қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана.

Қайырымдылық істерді жаны сүйетін кәсіпкер бүгінгі таңда, жағдайы төмен отбасыларға көп көмегін тигізіп келеді. Жақсылық жасауды жасырын іске асыруды жөн көретін Маржан Мұратқызы көп істерді ешкімнің білмегенін қалайды. Кәсіпкердің еңбегі еленіп, ауыл әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Дара» маркеті аудан бойынша «Ең үздік маркет» атанды. Сауапты іс берекені арттыратыны сөзсіз дегендей, бұл кәсіпкердің үлкен жетістігі екені анық. Маржан өз сөзінде: — Кәсіпкерлік қызығы мен қиындығы мол күрделі сала. Осы салаға бет бұрып, ауыл тұрғындарының алғысын алу маған шынайы бақыт сыйлайды.

Бүгінгі айтулы мерекеге орай, барша нәзікжандыларды әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, — деп тілек білдірді. Ауылдың мақтаулы кәсіпкеріне айналған қолы ашық жанның адал ісіне табыс тілейміз.

Ўлттыќ ќўндылыќты жаѕєыртќан Анар

Мерейлі сәтте біз кәсібін дґѕгелетіп, ўлттыќ наќыштаєы киімдерді сатумен айналысып жїрген жан туралы айта кетсек.

Талай жылдан бері адал табыстың көзін тапқан Ошақбаева Анар Бауыржанқызы қазақша киімді ауданда қалай брендке айналдырғаны туралы мақтанышпен жеткізді: — Өткен жылдың қазан айында, балабақша тәрбиешісі ашық сабақ өткізгенге кеудешеге тапсырыс берді. Тапсырысты ескеріп, балабақшаға қазақша оюы бар бірнеше кеудеше алып келдік.

Ұлттық нақышта өрілген туындымды барлық бала ұнатып, бізге тапсырыс бере бас-тады, осылайша балабақшалар киіп, суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшаға салғанда, мектептегі апайлар, ата-аналар, оқушылар ұнатты. Бізге көптеген ата-ана өздеріне ұнайтын қазақша нақыштағы желеткалар, камзолдарды көрсетіп алдырта бастады. Дүкенде киімдерді жоғарғы сапада алып, қолжетімді бағада ұсынамыз, — деді кәсіпкер. Айта кетейік, Анар 3 қыз, 2 ұлды өмірге әкелген көпбалалы ана. Жолдасы Айдын Есжанов әрдайым адал жарын әр істе қолдап келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.