ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДА
“ Этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткен аптада ауданның этнос өкілдері киелі мекен Түркістан қаласына барып, тарихи орындарды саяхаттады.
Саяхаттың негізгі мақсаты-мызғымас тәуелсіз еліміздің көрікті жерлерін аралау, бірлігі жарасқан еліміздегі тарихи орындармен танысу, ынтымақ пен бірлікті насихаттау.
Ауданның этнос өкілдері саяхат барысында тотыдай таранған Түркістан қаласының көрікті жерлерінде және Қожа Ахмет Ясауи кесенелерінде болып, қазақ тарихы мен хандары, билері мен батырлары туралы мәліметтер алды.
Сонымен қатар, жақында ашылған Орта Азияда теңдесі жоқ заманауи “Ескек есу” арнасына да саяхаттады.
Тарихи тағылымды Түркістанға сапар этнос өкілдеріне өте көтеріңкі көңіл күй және есте қалатын әсер сыйлады.
Ботакөз Макашева,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы