Еңсесі биік–Егемен ел

0

Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінде кітапханашы Ж. Рахымжанованың ұйымдастыруымен «Еңсесі биік – Егемен ел» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға мектеп ұстаздары мен қызметкерлері қатысып, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы маңызды ой-пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға бағытталған тақырыптық сұрақтар арқылы терең мазмұнды пікірталас өрбіді.
Талқылау аясында «Сіз үшін егемен ел ұғымы нені білдіреді?», «Тәуелсіздік бізге қандай мүмкіндіктер берді?», «Егемен ел болудың ең басты белгісі не?» секілді сұрақтар төңірегінде қатысушылар өз көзқарастарын білдірді. Сонымен қатар, жастар бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тәуелсіздіктің құндылығын ұрпақ санасына сіңіру, білім мен мәдениеттің ел дамуына қосқан үлесі жөнінде де мазмұнды ойлар айтылды.
Шара барысында Рахымжанова Жансұлу Респуб­лика күні – ел тарихындағы маңызды мереке екенін атап өтті. Ол өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күні туралы айтқан ойына тоқталып:
«Бұл күн – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданып, халқымыздың азаттығы мен бірлігі айқындалды», – деді.
Дөңгелек үстелде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы, ұлттық рәміздердің мәні, ел бірлігі мен рухани жаңғыру мәселелері кеңінен қамтылды. Қатысушылар өз ойларын өлең жолдарымен өрнектеп, патриоттық рухта толғанды.
Іс-шара соңында қатысушылар егемен елдің еңсесін биік ұстап, тәуелсіздіктің қадірін ұрпақ санасына терең сіңіру – әр азаматтың парызы екендігін атап өтті.

Қ. Байулиев, Жайылма ауылдық балалар өнер мектебі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.