«ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІНЕ ҰСЫНЫЛҒАН САРБАЗ

0

Он жылға жуық созылған қасіретті Ауған жеріндегі соғысқа қатысқан

жауынгерлер әскери

 антына адал болды. Батырлықтың, қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Жат жердегі әрбір шайқас ерлік пен өрлікке толы болды.

Ауған соғысына қатысып ерлік көрсеткен, Кеңес Одағының жоғарғы мемлекеттік наградасының бірі «Ерлігі үшін» (За отвагу) медалінің иегері,  жерлесіміз Дүйсенбаев Болат Әбілтайұлы.

Дүйсенбаев Болат Әбілтайұлы 1960 жылы 11 наурызда Түркістан облысы, Киров ауданы, Мақтаарал кеңшарында дүниеге келген.  1977 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Задарья ауылында он жылдық мектепті  бітіреді. Осы жылы Қаратау қаласындағы Қазақ политехникалық институттың филиалына сырттай оқуға түседі.

1978 жылы 11 қарашада айында Совет Армиясы қатарына шақырылады. Әскерде алғашқы кезде Тәжікстанның Ленинабад қаласында 6 ай сержанттық курстан өтіп, одан кейін Куляб қаласында 6 ай радиотелеграфист болады. 1979 жылы қарашада Өскемен қаласына ауыстырылады. Осы 1979 жылдың 25 желтоқсанында дабыл қағылып, әскери полк Термез қаласына жіберіледі. 1980 жылы 1 қаңтарда Ауғанстанға кіреді. Ауған жеріндегі бір оқиғаны ардагер аға былайша есіне алады.  «Ауған жерінде алғашында «Сомали Саланг» деп аталатын 3500 метр болатын тюнельді қорғадық. Наурыз айында бізді Шерикар деген елді мекеннің қасына ауыстырды. Сол жерден біз әскери ұрыс қимылдарға қатыса бастадық. Бамян елді мекенінің қасындағы ұрыста командирдің орынбасары, капитан Владимир Годен бастаған 25 солдат жау қоршауына түсіп қалдық. Атыс екі жарым сағатқа созылды. Атыс кезінде мен өзіме жақын келіп қалған дұшмандарды атып түсіріп, қаруын оқтарымен бірге командирге тапсырдым. Жау қоршауынан шығып кеттік. Бұл ұрыста 2 жігіт қаза тауып, 2 жігіт қатты жараланды. Осы ұрыстан кейін мені «Ерлігі үшін» медаліне ұсынды. Ертесіне тағы жаумен бетпе-бет келген ұрыс болды. Сол ұрыста қордайлық қарулас жерлесім, кіші сержант Сұраубаев Жұмабек деген жігіт оқ тиіп қаза тапты. Вертолетпен сүйегін алып кететін кезде, жерлестерімізбен бірге, қимастықпен, жүрегіміз ауыра отырып, соңғы сапарға шығарып салдық. Бұл 2-3 күнде болған оқиға. Бұдан кейін де қанша ұрыстарға қатысып, жантүршігерлік жағдайлардың куәсі болдық. Ондай адам өмірін жалмайтын, қаншама отбасыға, азаматтарға қайғы-қасірет, ауыртпалық әкелетін соғыс енді қайтып болмасын», — дейді ауған соғысының жауынгері.

Дүйсенбаев Болат 1980 жылдың қараша айының соңында елге аман-есен келген соң, осы жылы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде электромонтер болып жұмысқа орналасады. Жоғарғы оқу орнын сырттай жалғастырып, диплом алады. Одан кейін «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде энергетик болып қызмет атқарып, 44 жыл бір мекемеде жұмыс істеп, зейнетке шығады. Қазіргі таңда зейнет демалысында.

Құдай қосқан қосағы Шайзат Жәдігерқызымен  бірге 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіріп, тәуелсіз еліміздегі бейбіт өмірдің бесігінде немерелерінің қызығын көріп отыр.

Болат аға ауған жерінде көрсеткен ерлігі үшін алған «Ерлігі үшін» медалінен бөлек, бірнеше жауынгерлік және мерекелік медальдармен марапатталған.

Сондай-ақ, өндіріс саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалінің және көптеген салалық марапаттардың, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттардың иегері. Ардагер аға ауданымыздағы ауған соғысы ардагерлері ұйымының мүшесі ретінде аудан өміріне, қоғамдық шараларға, жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарына белсене араласып келеді.

Асан Тілемісов,

Жаңатас қаласы

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет

 Шоқай датқа атыңдағы орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай  1-4 сыныптар арасында « Ауғанстан  — жүректегі жара», 5-7 сыныптар «Ауғанның асуында от кешкендер», 8-11 сыныптар арасында «Ауған соғысы ақиқаты» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

12-13 ақпан күні 5-11 сынып оқушылары  «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында эссе жазды. Сынып сағаттарында оқушыларға ауған соғысының қасіреті туралы және соғыс даласында шейіт болған жауынгерлер жайлы мәліметтер берілді. 12-13 ақпан күндері «Ардагерлер арамызда» тақырыбында спорттық ойындардан сыныпаралық жарыс өтті. 13 ақпан күні «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысы  ардагерлеріне арналған  әдеби-монтаж  ұйымдастырылды.

Ардагерлерге арналған кешімізге «Отаныма  адал қызмет етемін» деп жауынгерлік борышын өз Отанынан тыс ауған жерінде от пен оқтың  арасында өтеп, соғыс қасіретін көріп қайтқан Ғаби Есіркепов ағамыз шақырылды.

Кездесу өтетін зал әсем безендіріліп, мектеп оқушылары ардагер ағаларын жылы жүзбен қарсы алды. Кештің алғашқы шымылдығы 5 «Ә»  сынып оқушылары дайындаған әдеби музыкалық монтажбен ашылып, тақырыпқа байланысты бейнефильм көрсетілді.  Мектеп оқушылары  ардагер ағаларына  сұрақтарын қойып, жауап алды. Ауған соғысының ардагері Ғаби Есіркепов  оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның  жақсы азаматы болып өсулеріне тілек білдіріп, оқушылармен естелікке суретке түсті. Ауған соғысы ардагері Ғ.Есіркеповке мектеп әкімшілігі тарапынан сыйлық тапсырылды. Мектеп оқушылары Тәуелсіз еліміздің болашақтағы білімді азамат, елімізге деген өздерінің де қосар үлестерінің зор екенін, сонымен қоса сапалы білім, саналы тәрбиелі жүруін өздерінің абыройлы борыштары екенін біледі.

А.Ирсаева,

 5 «Ә» сынып жетекшісі

қазақ поэзиясыныѕ

Хан Тәѕірі

Әйтеке би атындағы орта мектебінде «Біртұтас» тәрбие бағдарламасы аясында  жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуде ұлттық мүдде құндылығының жасөспірімдер арасында патриоттық сезімін ояту,  шығармашылыққа баулу, тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында қазақтың ақиық ақыны, жыр жүйрігі  Мұқағали Мақатаевтың туылғанына  93 ж

ыл толуына орай «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» тақырыбында әдеби сазды кеш ұйымдастырылып өткізілді.

Әдеби сазды кешке Жайылма ауылдық округінің әкімі Ж.Смағұлов, аудандық мәслихат депутаты Қ.Дүзкенов және «Жастар ресурстық орталығының» инспекторы Н. Әмірбекова, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Әдеби сазды кеш ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың «Сарыжайлау» әнімен ашылды. Әнді 9-сынып оқушысы Өмірзақ Диананың орындады. Мектебіміздің жас ақындары, республикалық, облыстық, аудандық жыр мүшәйраларының жеңімпаздары 11-сынып оқушысы  Ермек Абылайхан, 10-сынып оқушысы Құдайберген Бегайым, 7-сынып оқушысы Аяжан Айым және 6-сынып оқушысы Құдайберген Гүлайымдар  жүрек жарды  арнауларын оқыды. Мектеп оқушыларының қатысуымен «Аққулар ұйықтағанда» шығармасының қойылымы көрсетілді. Мәнерлеп оқу өлеңдері бойынша ақынның өлеңдерін мектеп оқушылары жатқа айтып шықты.   Сондай-ақ оқушылар  ақынның әндерінен шашу шашты.

Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы — мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.

Әйтеке би атындағы орта мектебінің тәрбие орталығы

Білекті жастар

Бүгінде ауданымызда армрестлинг дамып келеді. Қара нардай қара күшті қос қолға жинап, шынығып жүрген ауданымыздың жастары бойға қуат, алға үлкен мақсаттар қойып, талай байқауларда жүлделі  орындардан көрініп жүр.

Жалпы қол күресінің де өз ережесі, өз тактикасы бар. Сайысқа қатысушылар бекітілген халықаралық ережеге сай, арнайы үстелдің екі жағында тұрып күш сынасады. Төрешінің бұйрығымен шынтақтары арнайы жұмсақ шынтақшаларға қойылады. Алайда қол күресі кезінде шынтақты көтеруге, қозғауға, жұмсақ шынтақшадан шығаруға болмайды. Ашық алақандар біріктіріліп, бас бармақтар бір-біріне айқастырылады. Білекті бір қалыпты түзу ұстау қажет. «Білекті түзе!», «Иықты түзе!» деген команда берілісімен, спортшылар бос қолдарымен арнайы тіреуден ұстайды. Төрешінің белгісінен кейін ғана күресті бастайды. Салауатты өмір салтын ұстанып, білекке буырқанған алып күшті жинаған жастар шыңдарды бағындырып, асулардан өтіп жатыр.

Жуырда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында қол күресінен облыстық чемпионат өтті. Аталмыш сайысқа ауданымыздан №26 Жаңатас балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Азамат Беріковтың шәкірттері қатысып, бақтарын сынап қайтты. Сайысқа қатысушы сайдың тасындай кіл мықтылардың осалы жоқ. Барлығы жанын салып, жеңіске жетуге ұмтылғысы келеді. Бақ пен бап қатар шапқан тартысты өткен жарыс нәтижесінде 65 келі салмақ бойынша Б.Қашқынбаев атындағы орта мектептің оқушысы Жайна Жамалбек пен 36 келі салмақ бойынша Ж.Отарбаев атындағы орта мектептің оқушысы Нұрасыл Төрехан жүлделі үшінші орынды иеленді. Ауданымыздың намысын қорғап, сайыста жеңіс тұғырынан көріне білген жастарға бұл жарқын жетістіктердің алғашқы баспалдағы деп білеміз.

Жалпы, спортты серік еткен №26 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушыларының тынымсыз еңбегінің арқасында жастарымыздың жеңіске деген құлшынысы артып кедеді. Ісіне берік, күшіне мығым жастарымыз ауданымыздың абыройын асқақтатып, мерейін үстем етті. Құлаштап ұрып, қарсыластың мысын басатын қол күресінің майталмандарына алдағы күндеріне тек жеңіс тілейміз.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.