Поэзияның асқар шыңы Мұқағали

0

Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың туылғанына биыл 93 жыл толып отыр. Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.

Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық. Мұқағали-біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Өйткені ол шынында да алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын. Ол асқар Алатауға кең Сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.

Мұқағали ақынның жырлары-тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың саналы ғұмы-ры өлеңге құштар талай жанның жырына арқау болды.

Ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті болған өлеңдері мен әсем әндерін таныту, ақын өлеңдері арқылы кейінгі ұрпақтың​ Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншыл-дыққа тәрбиелеу мақсатында Жаңатас қалалық кітапхана-сында​ «Поэзияның асқар шыңы Мұқағали» атты әдеби поэтикалық батл өткізілді. Шараға кітапхананың қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты. Өлеңмен өріліп, шабыт қозғалған кеш барысында М.Әуезов атындағы мектеп –гимназиясының 5 сынып оқушысы​ Жомарт Аружан, «Атамекен», «Шеше, сен бақыттысың жыламағын» атты өлеңін кітапхана оқырманы​ Мырзахан Айзере, «Сәби болғым келеді» атты өлеңін кітапхана оқырманы​ Сұлтан Толғанай, «Әке»,  «Үш бақытым»​ атты өлеңдерді М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары​ Байдабек Кәусар, Сатыбалды Айсұлтан, «Отан» өлеңін кітапхана оқырманы Жексенбай Ақниет мәнерлеп оқыса, «Мұқағали сырлы әлем» атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Гүлдария Мамаева библиографиялық шолу жасады. Балалардың шығармашылығына арқау болған шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Шәкәрім оқулары өтті

Ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын

балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында аудандық «Коворкинг» орталығында «Шәкәрім оқулары» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға қала мен ауылдық округтерден 15-ке жуық оқушылар қатысты.

Шараға Қазақстан Респуб-ликасының жыр-терме және айтыс халықаралық одағының мүшесі,  ақын Талғат Құсайынов, кітапхана қызметкері, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Светлана Қожаназарова, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Меруерт Қадырбекова және ақын, аудандық «Sarysý» газетінің тілшісі Самат Тоқбанов әділ қазылық етті.   Байқау барысында қатысушылар Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Сайыста қатысушылардың өлең оқу шеберлігі, киім үлгісі, сахнада өзін ұстауы талаптары басты назарда болды.  Тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Толғанай Қыдыр-бай иеленіп, жақында Тараз қаласында өтетін «Шәкәрім оқулары» атты облыстық байқауына жолдама алса, бірін-ші орынды Жаңаталап орта мектебінің 10 — сынып оқушысы Назерке Төленбек пен Абылайхан атындағы мектеп-лицейінің 9 — сынып оқушысы Нұрдан Нұрланұлы өзара бөлісті. Жүлделі екінші орынды Әйтеке би атындағы орта мектептің 10 — сынып оқушысы Бегайым Құдайберген мен Д.Қонаев атындағы  орта мектебінің оқушысы Томирис Болысбек иеленді. Үшінші орынды Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Рысбек Азамат, Абай атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Еркеназ Нышанбай және Б.Адамбаев атындағы  тірек орта мектебінің 9 — сынып оқушысы Айдана Амантай місе тұтты. Жеңімпаздарға дипломдар тапсырылды.

Өнер мектебінде

Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінде ұстаздар  екі бағыт бойынша «Ұлт-аспаптар» мен «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» бөлімі бойынша жұмыс жасайды.

Домбыра сыныбының мұға-лімі Ерденбекова Мырзакүл мен қолөнер сыныбының мұғалімі  Байулиев Қанаттың ұйымдастыруымен «Отбасы-тәрбиенің ұясы» атты ата-аналармен пікір алмасу кеші өтті.  Кеш өтетін бөлме көрнекіліктермен  кешке сай әдемі безендірілді. Қолөнер сыныбының мұғалімі Байулиев Қанаттың оқушыларымен жасаған жұмыстары  көрме ретінде қойылып, жасалды.  Көрмедегі жасалған дүниелер көз тартады.

Әсіресе қыл арамен жұқа тақтайшадан кесіліп, қиюластырып жасаған ұлттық аспаптар домбыра, қобыз және сандықша т.б заттар қаншама еңбекпен жасалғаны көрініп тұр.

Шара барысында концерт ұйымдастырылды   «Нәр ағашы» халық күйімен Ерденбекова Мырзакүл, 1-сынып оқушылары Серік Сезім,  Төлеубай Назгүл, Сұлтан Ақбаян,   Жеңіс  Кәу-сар ұлттық домбырамызды  нақышына келтіре орындады. «Қарындасым» әнін Ғани Ерсайын,  «Үнді»  биін Жеңіс Кәусар мен Тұрған Әсем мың бұрала биледі. М.Әубәкіровтың «Наркескен» күйін екі дауыста Ерденбекова Мырзакүл мен Айтуар Әмина тартты. Раздықтың күйі «Салкүреңді» 2-сынып оқушылары Шәмші Інжу,  Абильдина Қарашаш, Тұрған Әсем, Ғани Ерсайын,  Ерік Айару, Тұрғанбай Сая және  Берік Аяулым орындады. «Тик-ток» биін қыздар тобы биледі.  Ата-аналармен сергіту сәтін, сұрақтар қою арқылы өткізді. Концертті «Әке» әнімен  Ғани Ерсайын аяқтады.    Сондай-ақ  домбыра және қолөнер сыныптарының мұғалімдері оқушыларының сабақ үлгерімі,  жетістіктері, атқарған жұмыстарына тоқ-талып,  дайындаған  слайдтарын көрсетті. Сонымен қатар  шараны мектеп директоры Әмірәлі Абенов  қорытындылап,  келген ата-аналарға Алғыс хат тапсырды.  Ата-аналар сөз сөйлеп,  мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

С.Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.