«А» ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?

0

«А» вирусты гепатиті-бауырды зақымдайтын, сарғаю мен жалпы улану белгілерімен қатар жүретін, жедел басталатын жұқпалы ауру. «А»вирусты гепатитіне барлық жастағы адамдар сезімтал, әсіресе жастар арасында иммунитеті жоқ тұлғалар аталған жұқпадан сақталмаған.

Жұқпа  көзі-науқас адам,  өзінің зәрі бөлінділері арқылы қоршаған ортаға миллиардтаған вирус бөледі. Зақымдану вирус бөліктерінің лас қол, тағамдық заттар мен су арқылы асқазан-ішек жолдарына түсуінен басталады.

Негізгі берілу жолдары:

-Тағам арқылы-науқас адамның жеке бас гигиенасы талаптарын сақтамай жасаған тағам өнімдері, дұрыс термиялық өңделмеген тағам, ластанған қолмен залалданған тағам арқылы жүзеге асады.

-тұрмыстық-жанасу арқылы лас қол немесе қоршаған орта заттары арқылы жүзеге асады. Жұқпаның берілу факторлары болып есіктің тұтқасы, санитарлық-техникалық құралдардың крандары мен ұстағыштары, баспалдақтың тіреулері болуы мүмкін.

-Су арқылы-вирустармен залал-данған суды ішу, тағам тағам дайындау кезінде пайдалану мен тағам өнімдерін жуу кезінде жүзеге асады.

Аурудың белгілері:

— вируспен залалдану мен ауру белгілерінің пайда болу аралығы 4-50 күн  аралығында, науқастың тәбеті бұзылып, оң жақ қабырғасы астында ауру сезімі, жүрек айну, құсу пайда болады. Көп жағдайда ауру тұмау тәрізді басталады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрыннан су ағу, жөтел, денедегі ауру сезімі болады. Соңғы 7-10 күндері науқастың зәрі мен бөлінділері арқылы вирустар сыртқы ортаға шығады, яғни науқас осы кезеңде қоршаған ортадағы тұлғалар үшін қауіпті болады.

Алдын алу шаралары:

—      Белгісіз су көздерінен суды пайдаланбау, лас су қоймаларына шомылмау, сонымен бірге кәріз сулары келіп ағатын суларда,тығыз қоныстанған жағажайларда шомылудан бас тарту.

— Гигиеналық ережелерді міндет-ті түрде сақтау, дәретханадан кейін, сырттан кіргеннен кейін, тамақ ішер алдында қолды мұқият сабынмен жуу.

— Өз үйіңізді,  пәтеріңізді, аулаңызды таза ұстау.

— Жеке бас гигиена заттары әр адамда жеке болуы қажет, оларды бөтен адамға пайдалануға беруге болмайды.

— Көкөністер, жемістерді міндетті түрде қолданар алдында ағын суда мұқият жуу.

Жалпы алдын алу шараларынан бөлек  «А» вирусты гепатитіне қарсы арнайы алдын алу шаралары да белгілі, ол-иммундау. Екі рет жасалатын екпе адамды қорғайды. Екпе жұмыстары Қазақстан Республикасының алдын алу екпелерінің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Қауіп-қатер тобындағы балаларды осы ауруға қарсы егу-өте маңызды іс.

К.Таңатарова, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының

 бас маманы 

Жемќорлыќ індет жою міндет

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі жемқорлықпен күрес.

Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.

Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды.

Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы.

Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.

Е.Сұлтанбеков,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бөлім басшысы

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бір ғана өтінім түсуіне байланысты 2024 жылдың 07 ақпаннан бастап қайта конкурс жарияланатындығын хабарлаймыз.

Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері ұсынылады:

№1. Орталық базар – Шоқай Датқа көшесі;

Конкурс ұйымдастырушысы «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланымдық мерзімі 7 жылдан аспайтын автокөлік құралдарын иеленуші кез келген тұлғалар қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»   КММ-нен конкурстық құжаттардың жиынтығын тегін алуға жазбаша өтінімді Жаңатас қаласы, 1 ықшам ауданы, №25 үй мекен-жайы бойынша ұсынуы тиіс.

Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі:

2024 жылдың 25 ақпан сағ: 18.00-ге дейін.

2024 жылдың 26 ақпан, сағат 15.00 — де конкурстық комиссия өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.

АНЫҚТАМА АЛУ ҮШІН ТЕЛЕФОН:

8(72634)-6-32-55, 6-13-63, 6-17-26,6-16-48,

8702-265-30-60, 8778-777-88-93.

Объявление

В соответствии с приказом министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года под №349 заново объявляется конкурс на право обслуживания маршрутов регулярных внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.

Отдел жилищно коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции акимата Сарысуского района объявляет о проведении конкурса на право обслуживания маршрута внутри районных автомобильных перевозок и  багажа,  который состоится  с 7 февраля по 25 февраля  2024 года по адресу: г.Жанатас, 1 микрорайон, 25 дом.

На конкурс выставляются следующие пакеты маршрутов:

№1. Центральный рынок – ул.Шокай Датка;

В конкурсе принимают участие любые физические и юридические лица,        независимо от форм собственности, владеющие автотранспортными средствами сроком эксплуатации не более 7 лет на праве собственности или иных законных основаниях.

Желающие принять участие в конкурсе представляют в Отдел жилищно коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции акимата Сарысуского района письменную заявку на получение комплекта конкурсных документов по адресу: г.Жанатас, 1 микрорайон, 25 дом.

Телефон для справок:

8(72634)-6-32-55, 6-13-63, 6-17-26, 6-16-48,

8702-265-30-60, 8778-777-88-93.

Құрметті респонденттер және статистикалық ақпаратты пайдаланушылар

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы пайдаланушылар мен респонденттер кері байланысты қолдау мақсатында консультативтік қызметтер көрсету үшін бюроның Фронт-офисін құрды. «Бюроның фронт-офисіне» қолданыстағы кері байланыс арналары арқылы хабарласуға болады:

  • 1446 бірыңғай байланыс орталығы, оның ішінде «бір терезе» қызметі
  • Telegram-Bot @statgovkz_bot
  • интернет-ресурста https://stat.gov.kz/ru/respondents/, «Онлайн-кеңесші» модулі. Туындаған мәселелер бойынша «Бюроның Фронт-офисіне»жүгінуге болады. Жылдық есептерді ұсыну кезеңінің басталуына, сондай-ақ статистикалық мәліметтерге сұраныстың артуына байланысты  барлық туындаған мәселелер бойынша  «Бюроның фронт-офисіне»  хабарласуға болады.

Уважаемые респонденты и  пользователи статистической информации

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан в целях поддержания обратной связи с пользователями и респондентами создали Фронт-офис Бюро для оказания консультативных услуг.   В «Фронт-офис Бюро»  можно обращаться по действующим каналам обратной связи:

  • Единый контакт-центр 1446, в том числе служба «Одного окна»
  • Telegram-Bot @statgovkz_bot
  • на интернет-ресурсе https://stat.gov.kz/ru/respondents/, модуль «Онлайн-консультант». В связи с наступлением периода предоставления годовых отчетов, также увеличения спроса на статистические данные по возникающим вопросам обращаться в «Фронт-офис Бюро».

Leave A Reply

Your email address will not be published.