КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру-болашаққа деген бағдарды айқындайды. Жастарға қолдау көрсету арқылы алдағы мақсаттарға жетіп, биік белестерді бағындырудың тетігін табуға болады.
Осы орайда, аптаның басында аудандық «Коворкинг» орталығында «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының конференциясы өткізілді. Шараға «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы М.Есмұрзаев, облыстық мәслихат депутаты А.Жолмаханова және «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты. Жиынды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Б.Балғабай жүргізіп отырды. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Ұйымдастыру және бақылау» бөлімінің басшысы Н.Айнабекова баяндама жасады. Атқарылған жұмыстарға партияның аудандық филиалының төрағасы М.Есмұрзаев оң бағасын беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы ұсынысын айтты. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының «Жастар рухы» ЖҚ-ның жаңа төрағасын сайлау туралы қаралып, талқыланды. Талқылау нәтижесінде бірауыздан «Жастар рухы» Жастар қанаты аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жас-тар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Пазылбеков сайланды. Қатысушылар өз кезегінде жаңадан сайланған А.Пазылбековтің жұмыстарына сәттілік тіледі.
Самат Тоқбанов, «Sarysý»