ТӘРТІПТІ-ЕЛДІҢ ҰЛЫ

0

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жастарды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу  мақсатында  «Тәртіпті – елдің ұлы»-  атты тақырыптық кеш өтті. 

Іс-шараға  Сарысу АПБ-нің ЖПҚБ-УПИ  полиция  капитаны Есенбаев Ғабит қатысты. Шара барысында полиция капитаны жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және сақтану жолдары туралы сөз қозғап,  жастарды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кешті жүргізуші мәдениет қызметкері Базар Әсел: «Ұлт батыры Бауыржан Момышұлы атамыз  «Тәртіпке бас иген құл болмайды,  тәртіпсіз – ел болмайды» деп бекер айтпаған. Біртуар тұлғаның сол нақылы – бүгінгі күннің мүлтіксіз орындалуы тиіс талабы»- деп  кешті қорытындылады.

Экстремизм-ќатерлі дерт

Қоғамда экстремизм, терроризм сынды құбылыстардың етек алуы, сондай-ақ, жаңа өмір салтымен қоғамға аяқ басқан жаңа қауіп-қатерлердің алдын-алу мақсатында Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен,  Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Сарысу аудандық инспекторы, теолог Мақсат  Мырзағараев, «Майлыбай» мешітінің бас имамы Ғабит Кәрімбеков, еңбек ардагерлері Марқаш Мизанбаев, Майтон Өзекбаев, Саудакент ауылдық мәдениет үйінің директоры Ғазиз Жақсыпейіловтердің қатысуымен «Экстремизм – қатерлі дерт»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны жүргізуші Базаров Береке діни экстремизм және халықаралық лаңкестік туралы терең мағлұмат берді.  Дөңгелек үстел барысында  әлемді алаңдатқан экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің өрбу себептері және бұл құбылысқа қарсы тұрудың жолдары мен мүмкіндіктері туралы салиқалы әңгімелер  ортаға салынды.  Қазір және келешекте де қазақ ұлтының отбасы әралуан діндерге бөлініп, елдің тұтастығына қауіп төндірмес үшін еліміздегі діни-рухани ахуал әркімді, әрбір азаматты ойландырып, толғандыратындығы дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы болды.  Шара барысында  кешке қатысушылар өздерінің дін тұрғысынан көкейінде жүрген бірнеше сауалдарының шешімін тапты.

«Sarysý-Aqparat»

САРЫП-ЌАУІПТІ ІНДЕТ

Адамдар мен ауыл шаруашылық малдарының арасында аса қауіпті індеттердің ішінде  Республикада, облысымызда, сарып ауруы соңғы жылдары алдыңғы қатарда тұр.

Әрбір үшінші науқас бруцеллездің  асқынған түрімен ауырса, әрбір оныншы науқас 14-жасқа дейінгі бала, 30 пайыздан астамы аурудың созылмалы түріне айналып, емделуі ондаған жылдарға созылады.

Сарып ауруы адамнан-адамға жұқпайды, тек ауру малдардан жұғатын ауру. Ауру малдардың қоздырғыштары сыртқы ортаға зәрімен, нәжісімен, сүтімен және мал төлдету науқаны кезінде іш тастаған, өлі туған төлдермен, шуымен бірнеше миллиард микроб клеткаларын бөліп шығарады.

Жануарлардың әр түлігінің өз қоздырғыштары бар:

  1. Ауру таратушы мүйізді уақ малдар қоймен-ешкі, адамдар үшін өте жоғарғы дәрежелі қауіпті жұқпалы, науқастарда ауыр түрде өтеді.
  2. Ауру таратушы мүйізді ірі-қара малдар, адамдар үшін жеңіл дәрежелі, науқастарда жеңіл түрде өтеді. Кейбір аралас шаруақожалық жүргізетін жағдайда мүйізді уақ малдармен мүйізді ірі-қара малдар бір жерден немесе бір ыдыстан су ішіп, жайылымда бірге жайылып бір қорада тұруынан ірі-қара малдардың уақ малдардың қоздырғышын жұқтырып алулары мүмкін, бұндай жағдайда ірі-қара малдар адамдар үшін өте жоғарғы дәрежелі қауіпті жұқпалы болып, науқастарда ауыр түрде өтеді.
  3. Ауру таратушы шошқалар, адамдарға жұқпалылығымен қауіптілігі орташа түрде өтеді, Қазақстанда өте сирек кездеседі.

   Сарып ауруының таралу жолдары:

  1. Ауру адамдарға қолындағы жарақаттары арқылы, ауыратын жануарларды бағып-күткен жағдайда, сойғанда, еттерін бөлшектегенде, терісін сыпырғанда, жүнін қырқып өндегенде, күпке түсіргенде, емдегенде, қолдан төлдеткенде, іш тастаған өлі туған немесе әлсіз туылған төлдерді, қой шуын, төсеніштерді қолдарымен ұстағанда жұғады.
  2. Сарып қоздырғыштары ауыздың, мұрынның, көздің шырышты қабықтарына адамның лас қолдары арқылы тағам жегенде, су ішкенде, шылым шеккенде, ауру малдардың сүтін, қаймағын, майын, шала піскен кәуапты т.б. өнімдерін пайда-ланғанда жұғады.
  3. Ауру малдардың тұрған қораларымен аулаларын тазалағанда немесе мал жүнін қырқып өндеген кезде шаң-тозаң арқылы жұғады. Егер ауру малдармен тікелей қатынаста болған адамдармен отбасы мүшелері сарып ауруын жұқтырып алып, уақытылы ем қабылдамаған жағдайда, созылмалы түріне өтіп жасына, жынысына қарамастан мүгедек болып, белсіздікке, тұқымсыздыққа әкеліп соғуы мүмкін.

Сарып ауруының қоздырғыштары сыртқы ортада төзімді келеді: мал жүнімен терісінде 1,5-3 айға, көлшіктерде 90 күнге, ағын суларда 6-12 күнге, топырақпен қида 4 айға, тоңазытқыштағы сүтте 10-18 күнге, етте 47 күнге, қымыз бен шұбатта 3 күнге, ірімшікте 72 күнге дейін тіршілік етеді.

Сарып ауруын жұқтырып алудан сақтану (қорғау) үшін төмендегі іс-шараларды орындаңыздар:

  • Жыл бойы мал төлдетуге, күпке түсіруге, мал жүнін қырқуға аяғы ауыр, бала емізетін әйелдермен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің қатысуына қатаң түрде тыйым салу.
  • Өздерінің ауласындағы жекеше ауыл-шаруашылық малдарына қатысты барлық іс-шараларды орындау үшін жеке басының тазалығын сақтауға, індеттерден қорғауға арналған арнайы киімдерді (резеңке қолғап-етік, бас киім, халат, алжапқыш, білекке таққыш) құрал-саймандарды (айыр, күрек, ілгіш, су ақпайтын жәшіктер, рес-пиратор, залалсыздандырғыш ерітінділерін) толығымен пайдалану керек.
  • Балаларға мал тұрған қораларға кіруге, малдарды күтуге, жаңадан туылған мал төлдерін қолына ұстатып ойнауына және төлді жылы жерге қою мақсатында тұрғын үйге, бөлмеге кіргізуге қатаң түрде тыйым салынады, себебі мұндай жағдайда үйдегі адамдарға сарып ауруының жұғу қаупі туады, бірінші кезекте үйдегі балалар аурулары мүмкін.
  • Ауылшаруашылық малдарын және мал өнімінен дайындалатын барлық шикі заттарды (сүт, ет, қаймақ т.б.) сатарда немесе сатып алар алдында мал дәрігерлердің анықтамаларын сұраңыздар.
  • Әрбір мал иесі жекеше малының арасында белгісіз себептермен мал өлімі немесе аурудың алғашқы белгілері анықталған жағдайда ауыл-аймақтарға бекітілген мал дәрігерлерге хабар беріп көрсету керек, мал өлекселерін арнайы мал қорымдарға тастау керек.

Орындалуы қарапайым ғана, жоғарыда көрсетілген ережелерді мұқият орындасаңыздар, тек сарып емес, малдан жұғатын көптеген басқа да аса қауіпті аурулардан аулақ боласыздар!

А.Ермек,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.