АСАНӘЛІ ӘШІМОВ жеке мұрағатын Мемлекеттік архивке тапсырды

0

Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов жеке қолжазбаларын, марапаттары мен кітаптарын, киноларға түскенде қолданған бағалы заттарын Мемлекеттік архивке тапсырды. 

Салтанатты шарада Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов өз сөзінде:

-Еңбекпен келген әр зат мен үшін бағалы. Қарап отырсам, мұның бәрі қазір – тарих. Біз көп болса жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды. Оған архив қызметкерлері ұқыпты қарап, олардың жоғалып кетуіне жол бермейді. Мұнда жалғыз менің ғана емес, басқа да танымал адамдардың заттары қойылған. Бұл жақсы бастама. Ол келешек ұрпақ үшін жасалып жатыр,-деді.

Айта кетейік, Алматының Мәдениет басқармасы Мемлекеттік архивте «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей бұрышын ашты. Асанәлі Әшімовке қатысты 200-ден астам құжат пен экспонатты тамашалап, зерттеу үшін архивке алдын ала өтінім беру қажет.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.