ЖАСТАР форумы

0

2024 жылғы 29 қаңтарда Дүниежүзілік сайлау күніне орай  Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстанның жас белсенді сайлаушылары» атты облыстық жастар форумы өтті.

Аталған форумға саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып,  2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Венгрияның Шиофок қаласында сайлау ұйымдарының Дүниежүзілік конференциясы «25 мемлекеттен тұратын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығы» бастамасымен өткендігі және оның шешімімен ақпанның бірінші бейсенбісі «Дүниежүзілік сайлау күні» болып белгіленгендігі туралы айтып өтті. Осылайша, елімізде жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде  аталған мерекеге орай іс-шаралар ұйымдастырылатынын айтты. Серғали Өмірзақұлы, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен елімізде енгізілген саяси реформалар туралы, оның ішінде сайлау жүйесіне енген өзгерістер мен жаңалықтар туралы да түсініктеме берді.

Сонымен қатар Жамбыл және Сарысу аудандық мәслихаттарының жас депутаттары Ж.Тоқсаба және Б.Балғабай сөз алып, жыл өткен сайын ұлттың болашағына бей-жай қарамайтын, жауапкершілікті сезінетін жастардың саны артқандығы, саяси науқандарға бар ынтасымен қатысып, өздерінің конституциялық құқығын дұрыс пайдаланатын жас сайлаушылардың көбейіп келе жатқандығы туралы пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ іс-шара соңында, сайлау саласындағы қоғамның демократиялық  дамуына жоғары  белсенділік танытқан бірқатар азаматтар Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылған  іс-шаралар дәстүрлі түрде облысымыздың барлық аудандары мен Тараз қаласында жалғасын табатын болады.

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жаѕа Ќазаќстанныѕ жас сайлаушылары

Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 30 қаңтардан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мүшесі болып табылады.

1992 жылы Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның барлық құрылтай құжаттарына, ең алдымен 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісіне және Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясына қол қойды, осылайша Қазақстан ұйым мүшесінің барлық міндеттемелерін қабылдады.1999 жылы Алматы қаласында  ЕҚЫҰ орталығы ресми түрде ашылды. 2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Венгрияның Сиофок қаласында «Жиырма бес  мемлекеттен тұратын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығы» бастамасымен сайлау ұйымдарының    Дүниежүзілік конференциясы өтті, оның шешімдерінің бірі  «Дүниежүзілік сайлау күнін» белгілеу болды.

Міне, содан бері бұл мереке жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл күндері   Сайлау саласында жаһандық демократияны қолдауға, сайлау туралы білімді арттыруға  және сайлаушылардың сайлауға қатысуға жалпыға бірдей құқығы  мен бостандықтарын құрметтеумен  сайлау үдерістерін жетілдіру мәселелері сарапталып,  алда тұрған міндеттер айқындалады.

Елімізде Сайлау үдерістерін жетілдіру  мақсатында соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүріп жатқан саяси реформалар барысында, Қазақстан  Республикасының Конс-титуциясына,    «Қазақстан    Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Саяси партиялар туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  заңдарымен заңнамалық актілеріне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Осы орайда, аптаның жұмасында аудандық сайлау комиссиясы мен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен Жаңатас көпсалалы колледжінде «Жаңа Қазақстанның жас сайлаушылары» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетберді Шортанбаев, аудандық мәслихат депутаты Б.Балғабай, мекеме, бөлім басшылары мен жастар қатысты. Шараны ашып,  жүргізген Дәулетберді Шортанбаев ақпан айының алғашқы бейсенбісінде аталып өтілетін дүниежүзілік сайлау күніне орай, сайлаушылардың салмағын құрайтын қоғамның негізгі бөлігі жастардың сайлау науқандары кезінде белсенділік таныту қажеттілігін айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға баяндама жасады.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков пен аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов сайлау күні  мерекесіне орай, құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді. Мұнан соң аудандық мәслихат депутаты Б.Балғабай «Жастар және сайлау» тақырыбында сөз сөйлеп, алдағы сайлау науқандарында жастарды үнсіз қалмауға шақырып, үндеу тастады. Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ләззат Ерсейітова «Сайлау жүйесі» тақырыбына толық тоқталып өтіп, қатысушыларды сайлау ережелерімен таныстырды. Өз кезегінде жастар көкейлеріндегі сұрақтарына тиісті жауаптарын алып, алдағы қоғамдағы оқиғаларға үн қосып, қозғаушы күшке айналуда аянып қалмайтындықтарын айтты.

Самат Тоқбанов,

 «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.