МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАНҒА КЕЛДІ

0

Аптаның бейсенбісі күні ауа райының қолайсыздығына қарамастан ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова атбасын бұрды.

Ең әуелі халық қалаулысы ”ЕвроХим-Қаратау” ЖШС зауытының жұмысымен танысты. Өндіріс ошағының 2012 жылы құрылысы басталып, 2016 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 550 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Өндірістік қуаты жылына 660 мың тонна фосфор кені, 640 мың тонна фосфор ұнын өндіреді.  Фосфорит кенін өндеуге және алғашқы өндеуге арналған жобалық қуаттылыққа қол жеткізді.  Мәжіліс депутаты компания өкілдерінен ауданның экономикалық дамуына  қандай қолдау көрсетіп жатқанын сұрады. Балалар мен жастарға қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасау керектігін жеткізді.

Одан кейін М.Әуезов атындағы мектеп-гимна-зияның жұмысымен таныс-ты. Айта кетейік  «Amanat» партиясының  сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» аясында күрделі жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілген. Мектеп жобасы 1568 орынға арналған.  Бүгінде 1678 оқушы мен 148 ұстаз бар. Былтыр мектеп асханасы мен жылыту құбырлары күрделі жөндеуден өткен.

Аралау барысында мектеп асханасының ас мәзірін көрді. Сонымен қатар «Жол картасы» аясында күрделі жөндеуден өткен 1 шағынаудандағы  №44 үйдің жұмысымен танысты.  Үй 56 пәтерден тұрады. Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілген.

Тұрғындар тарапынан моноқалалардағы жеке меншік қараусыз қалған, құрылыс жұмыстарын талап ететін нысандарды қайта жөндеуге бюджеттен қаржы қарастыру туралы мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар халық қалаулысы  аудандық мәдениет үйінде азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Тұрғындар тарапынан аудандық емхананы КТ, МРТ аппараттарымен қамтамасыз ету қозғалды. Құрылыс нысандарын салуға төмендетілген пайызбен несие қарастыру, баспанамен қамтамасыз ету, мүгедектікке шығу бойынша талаптарды жеңілдету және «Үш алып» ғимараты тұрғын үй құрылысының тоқтап тұруына қатысты мәселелер айтылды.

Мәжіліс депутаты барлық айтылған мәселелерді жазып алып, алда шешілуіне атсалысатын айтты.

Сәулет  Есқараев,  «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.