МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ГҮЛДАРА НҰРЫМ АУДАНЫМЫЗҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

0

Апта ішінде ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрым ауданымызға іссапармен келді.
Мәжіліс депутатын аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова мен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликова күтіп алды.
Ең әуелі Парламент мәжілісінің депутаты Г.Нұрым Досбол ауылдық округіне атбасын бұрып, ауылдық амбулаторияның жұмысымен танысты.
Айта кетейік 2010 жылы пайдалануға берілген медициналық пункт күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ, медициналық пунктке жедел жәрдем көлігі қажет. Сонымен қатар, ауылда дәрігер тапшылығы да бар.
Шешуін күткен мәселелерді тыңдаған мәжіліс депутаты тиісті шараларды атқаратынын жеткізді. Сонымен қатар, Досбол ауылдық клуб үйінің жай-күйімен танысты. Ауылдық клуб үйінде 1меңгеруші, 1 қарауыл, 1 от жағушы, 1 еден жуушы жұмыс жасайды. Клубтың негізгі бағыты мәдени филологиялық, қосымша ән, көркемсөз үйірмелерін өткізу. 2025 жылы 35 мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған 2600 адам қамтылды. Клуб үйіне 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрым Тоғызкент ауылдық округіне барып, «Жанна» балабақшасында болып, балабақшаның ішін аралады. Аталмыш балабақшада 9 педагог, 5 тәрбиеші, 1 меңгеруші, 1 психолог және 1 әдіскер жұмыс жасайды. 2014 жылы пайдаланылуға берілген балабақша күрделі жөндеуді қажет етеді.
Парламент мәжілісінің депутаты бұл мәселені де реттеуге ықпал ететінін, “Amanat“ партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша ауылдық жерге жұмыс істеуге барған дәрігерлер үшін 100 ЕТЖ мөлшерінде көтерме жәрдемақы, яғни 8 млн. теңге беріледі. Осы жоба аясында елді мекендерге медициналық мамандарды тартуға болатынын жеткізді.
Сондай-ақ,ауылда орналасқан № 29 балалар — жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысып, бірқатар мәселелерді тыңдады. Бүгінде спорт мектебінде 378 спортшы спорттың 7 түрімен шұғылданады. 2025 жылы – ҚР чемпионаты — 3 жүлдегер, облыс чемпионатында 9 жүлдегер сайыс­тарда топ жарды. Ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді, спорт зал керек және ғимаратты газбен жылыту мәселесі де өзекті болып отыр.
Халық қалаулысы ауылдық клуб үйінде азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар ауыз су, Әбілда ауылындағы жол мәселесі мен әкімшілік ғимаратының ескіргендігі және күрделі жөндеуді қажет ететіндігі туралы айтты. Тұрғындардың тілегін тыңдаған мәжіліс депутаты заң аясында жауап беріп, жауапты басшыларға тиісті тапсырмаларды жүктеді.

С. ЕСҚАРА. «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.