Қаланың бас жоспары таныстырылды

0

Аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі және «Қолдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Жаңатас қаласының бас жоспары түзетуден өткізіліп, заң нормаларына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Рес-публикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №505 бұйрығымен бекітілген Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес Жаңатас қаласының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына түзетулер енгізу жобасымен таныстыру мақсатында қала әкімі аппаратының мәжіліс залында қоғамдық кеңес өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов, қала әкімі, мекеме, бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қоғамдық бірлестіктің өкілдері қатысты. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов жүргізіп, қаланың бас жоспарына енгізілетін түзетулердің маңыздылығына тоқталып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жаңатас қаласының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына түзетулер енгізу жобасын «Қолдау» ЖШС-нің сәулетшісі Медет Сүлейменов таныстырып өтті. Жиынға қатысушылар ұсынылған жобаға сәйкес, талап-тілектерін жеткізіп, сұрақтарын қойды.

Самат Тоқбанов,  «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.