Қаламызды бірге көркейтеміз
Жаңатас — фосфорымен әлемге танылған кенге бай қала. Қоғамда «Жаңа Париж» атанып жүрген жасыл қаланың болашағы да жарқын екеніне күмән жоқ. Мұнда бірлік пен берекенің бастауы, шаңырақтың беріктігі мен үйлесімділіктің ізгі үні еседі.
Қаламызды көркейту, оны дамыту біздің басты мақсатымыз болып табылады. Дархан даланың төсінде қоныс тепкен кеншілер шаһарының әлеуметтік-экономикалық өркен-деуіне қолымыздан келгенше аянбай қызмет етіп келеміз. Осы орайда жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталсам. Атап айтқанда қысқы мезгілдерде Жаңатас қаласының жолдарын күтіп ұстау, жолдарды қардан тазалау, инертті материалдар себу жұмыстары жасалды.
«Жібек жолы» көшесінің түнгі жарық шамдарына ағымдағы жөндеу жұмысы және декаративті ою орнатылып, түнде жанатын светодиодты ленталар ілінді.
Сондай-ақ, Әулие ата көшесінің бойындағы жасыл белдеуге 3000 дана тал көшеттері егіліп, қаламызды жасыл аймаққа айналдырып жатырмыз. Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер алдындағы және көше бойларындағы қураған талдар қырқылып, түптері әктелді.
«Ұрпақтар» аллеясының ішіне БРДМ танкасы орнатылды.
Жылдың басында бекітілген жоспарға сәйкес, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес мердігерлері анықталған, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды тілге тиек етсем.
2-шағынаудан №6 көпқабатты тұрғын үйдің алдындағы (подпорная стена) қабырғаны нығайту;
Қала көшелеріндегі троту-арларға ағымдағы жөндеу жұмыстары және Әулие ата көшесіндегі тротуарларға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус салу;
Сонымен қатар, көше бойларындағы жер астымен өтетін құбырлардың саңлауларына темір тор орнату;
Қала әкімі аппараты ғимараты жанындағы қабырғаға Жаңатас қаласының төлқұжатын жасау;
Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін сырлау жұмыстары;
Көпқабатты тұрғын үйлер алдына гүл, тал егу мақсатында топырақ, тыңайтқыш түсіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазақта «Ер туған жеріне» деген қастерлі сөз бар. Тұрғындарды қаламыздың гүлденуіне үлестерін қосуға шақырамын.
И.Домалақов,
Жаңатас қаласының әкімі