ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

0

аптаның сейсенбісі күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 15-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі С.Мамытов, аудан әкімінің орынбасарлары және қала, ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдер мен кәсіпорын басшылары  қатысты.

Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Бапашұлы Мұсабековтің төрағалық етуімен өткен аудандық мәслихаттың кезекті 15-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан мақұлданды және сессияда тиісті шешімдер қабылданды.

Депутаттар тарапынан біршама ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта ескеріліп, орындалатыны туралы ауызша қанағаттанарлық жауаптар алынды.

Атап айтқанда:

  • Сарысу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
  • Жаңатас қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
  • Аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Аудандық  мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.