БАСТЫ МАҚСАТ-халықты жұмыспен қамту

0

Жұмыс іздеген жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ауданымызда тұрақты түрде іске асып келеді.

Осы орайда, аптаның сейсенбісінде «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің аудан бойынша Мансаптық орталық филиалының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінің  фойесінде  «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында солтүстік өңірлердің өкілдерінің қатысуымен өтетін ішкі көші-қон, қоныстандыру мақсатында  «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті.

Шараға  аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Айсұлу Тайменова, Ш.Уәлиханов ауданының Мансап орталығы филиалының директоры Зәуреш Мұсабаева,  мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері және тұрғындар қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Қайрат Тілеубайұлы бос жұмыс жәрмеңкесінің тұрғындар үшін маңызды екенін айтса, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Айсұлу Тайменова мен Ш.Уәлиханов ауданының Мансап орталығы филиалының директоры Зәуреш Мұсабаева өңіраралық көші-қон бағдарламасы бойынша «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында ішкі көші-қон, қоныстандыру мәселелеріне тоқталды.

Шара барысында көші-қон бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлердегі бос вакантты жұмыс орындарына келесі қызметтер ұсынылды. Атап айтсақ, аудан бойынша лайықты жұмыс түрлерін іздеу, қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігі, мансап орталығының жолдамасымен «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі, жұмыс іздеу үшін керекті негізгі әдістерімен танысу, әлеуметтік Кодексінен туындаған мәселелер бойынша кеңес алу.  «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» аясында көші-қон бағдарламасы бойынша қатысқан барлық жұмыссыз азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мемлекетте көрсетіліп жатқан барлық қолдау шаралары бойынша ақпарат ұсынылды.

Самат тоқбанов,

 «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.