ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ ОРЫНДА

0

Айтып келмейтін апаттардың соңы қайғылы жағдайларға ұласып жататыны белгілі. Жаздың ыстық күніндегі көп орын алатын апаттардың бірі өрт екені баршамызға мәлім. Осы қауіпке сақадай сай болу үшін дайындық жұмыстары мен алдын алу шаралары пысықталуы заңды.

Осы орайда, аптаның басында ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инс-пекторы Ғ.Кенжеахметов жұмыс сапарымен ауданымызға келді. Аудан әкімі С.Мамытов келген қонақты күтіп алып, Орталық алаңда азаматтық қорғаныс қызметтерінің арнайы техника, құрал — жабдықтар және жеке құрамдарын сапқа тұрғызып, жұмыстарымен таныстырды.

Аудан аумағында табиғи өрттерді алдын алу және сөндіру жөніндегі аудандық штаб құрамы және іс-шаралар жоспары аудан әкімінің өкімімен бекітілген.

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.