БАЛЫҚ АУЛАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

0

Балық аулау демалыстың керемет түрі,

алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз ол өте қауіпті. Шағын көлемді кемелер немесе қайықтармен балық аулау және аң аулау алдында, қайыққа отырмас бұрын оның ескектерінің және олардың бекіткіштерінің, сонымен қатар құтқару шеңбері мен суды сарқып алу үшін ожаудың болуын қадағалап қарап алу қажет. Қайыққа отыруды аса сақтықпен жүргізу қажет. Ортасынан басып, отырғышқа бірқалыпты отыру керек. Шағын көлемді кемелердің немесе қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға ауысуға, бір қайықтан екіншісіне отыруға, қайықты шайқауға, одан суға секіруге немесе сүңгуге қатаң түрде тыйым салынады. Сонымен қатар, қайықтағы адамдар жеке құтқару құралдарын (құтқару жилеттері, кеудешелері) киіп отыруы қажет.

Шағын көлемді кемелер мен қайықтармен балық аулау және аң аулау кезінде сақталуы тиіс қарапайым қауіпсіздік ережелері:

  1. Өзімен бірге міндетті түрде медициналық қобдиша, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің орналасқан орны туралы хабарлағыш құралдарының болуы тиіс.
  2. Балық немесе аң аулау орнын мұқият тексеріп қарап алу.
  3. Мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде балық немесе аң аулауға қатаң тыйым салынады.
  4. Қайықтың жарамдығын тексеру, оны құт-қару жилеті, құтқару шеңбері мен белдіктермен жабдықтау.
  5. Қайықта шелектің немесе ондағы суды сыртқа шығару үшін ыңғайлы басқа да ыдыстардың болуы.
  6. Балық немесе аң аулауға керекті құрал-жабдықтарды кеме бортының бойына, ал қалған бұйымдарды (киім, қолсөмке, чемодан) қайықтың отырғышының астына, тұмсығына немесе артқы бөлігіне жинақы орналастырыңыз.

Қандайда бір төтенше жағдайға тап болсаңыз  «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз.

 Ә. Бекенов,   аудандық Төтенше

жағдайлар бөлімінің аға инженері,

азаматтық қорғау

аға лейтененаты     

Мемлекеттік тілдің бүгіні мен болашағы

Елдің дербестігін танытып, ұлттық имиджді қалыптастыратын асыл құндылықтарымыздың бірі — тіліміз болып табылады. Тілге деген құрмет — елге деген құрметтің белгісі. Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз.

Тіл-отбасынан басталып, Отан аясында дамиды. Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтардың тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет. Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады. Мемлекеттік тіл туралы Заңда көрсетілгендей кез — келген Қазақстан азаматының міндеті- мемлекеттік тілді білу оны қадірлеу. «Тіл тағдыры — ел тағдыры» дегендей, бүгінде ана тілімізді ардақтап, құндылығымыз қастерлеп жүрген жастарымыз бар. Олар өздеріне берілген сенімді бір сәтке жоғалтпай тілге ықылас танытып келеді.

Алдымен жақсылықты басыңа жаса, қала берді досыңа жаса – деген халық даналығы бар. Ана тілімізде сауатты сөйлеп, өзге тілде де сайрап тұрсақ, болашақта үлкен істер атқаруға, туған халыққа қызмет етуге мүмкіндік зор. Туған тіліміздің мол нәрін, сөздік қорын сауатты пайдаланып, өзге тілді өз қажетімізге жарата аламыз деп сенемін.

Ф.Ақназарова, тілдерді оқыту орталығы, аудандық бөлімшесінің оқытушысы

Жаќсылыќ жасау-борышыѕ!

Шоқан Уәлиханов  атындағы мектеп-гимназиясы білім

ордасында да жыл сайынғы «Мектепке жол» — акциясы өткен болатын. Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары мектеп формасымен, аяқ киіммен және оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Акцияны ұйымдастыру барысында мектебімізде көмекке мұқтаж ата – аналар желіге қоңырау шалып, өз өтініштерін берген болатын. «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі…» демекші, яғни еш сұраусыз-ақ ізгілікке ізгілікпен жауап қайтару – көптің қасиеті.

Мектебіміз де осы өтініштер негізінде балаларымызға қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендіктерін таныта отырып, мектеп-гимназия директоры  Көлбаев Ержан Жиенбайұлының ұйымдастыруымен, мектеп ұжымы оқушыларға оқу құралдары мен мектеп формасын, спорттық киімдер  табыс етті. Сонымен қатар, мектебіміздің ата-аналары да балаларды мектепке дайындауға өз үлестерін қосуда. Бала жүзінен қуаныш көргісі келген  демеуші ата-аналар, ауданымыздың кәсіпкерлері Жұмағұлова Гүлзада «Жанерке» дүкені, Жапақова Алтынай «Колос»  «Мектепке жол»  акциясына зор үлес қосты.

Қолдау шарапатын көрген балалардың аналары мектеп-гимназия  ұжымына, қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге рахметтерін айтып, аналық алғыстарын білдірді.

«Жақсылық жүрген жерде, тапшылық болмайды»,-деген бар. Жақсылық атаулыға шын көңілмен, риясыз пейілмен, қайтарым күтпей жасалған, өзгелерді қуантатын, басқаларға пайдалы болатын амалдардың бәрі де кіреді. Ендеше, жақсылық жасауға асығайық!

П.Ескендирова,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мемлекеттік әдеп

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығы  және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қатаң

талаптар қойылмаған. Мемлекеттік қызметші – биліктің айнасы, оның түр-сипаты болып табылады. Осыған орай мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Әрқашан да қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметін кәсіби, жоғары дәрежеде көрсете білулері тиіс. Қазақстан Рес-публикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексін сақтау өте маңызды, себебі, мемлекеттік қызметшінің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы мәдениеттің үздік үлгісіне айналуы керек. Өз кезегінде мемлекеттік қызметші қоғам мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жалпы қағидаттар мен адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста жоғары парасатты, мәдениетті болуға талпынуы тиіс.

Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық- этикалық нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін жағдайларға жол бермеуге тиіс.

Е.Сұлтанбеков,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының

 бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.