СЕССИЯ ӨТТІ

0

Аптаның сәрсенбісі күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс  14-ші

сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Қ.Серимов және қала, ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Бапашұлының төрағалық етуімен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 14-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, депутаттар тарапынан мақұлданды және сессияда тиісті шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда:

«2023-2025 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №38-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сарысу аудандық мәслихат аппаратының құрылымын бекіту туралы. «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы.

Аудандық  мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.