Бір халық — бір ел — бір заң
Заң қағидаттарын ұстанып, тәртіпке мойынсұну-бүгінгі қоғамның басты талабы. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды» деген қанатты сөзінің астарында қаншама мән — мағына жатыр.
Осы орайда, «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында «Даңқ» монументінің алдында іс-шара өткізілді.
Шараға аудан прокуратурасының прокурорлары, аудандық құқық қорғау органдарының, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, аудандық аурухана, мекеме, кәсіпорын басшылары қабылдау өткізіп, қала тұрғындары арасында «Заң мен Тәртіп» жобасының мақсатын айтып, түнгі уақытта кәмелетке толмаған балалардың жүрмеуі, өрт қауіпсіздігі және алаяқтық әрекеттерден сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме барысында тұрғындарға арнайы жадынама қағаздар таратылып, заң аясында кеңестер берілді.
Қабылдау барысында тұрғындар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Сәулет Есқара, «Sarysý»