НОТАРИАТТЫҚ ҚҰПИЯ

0

Нотариаттық құпия туралы сөз

етпес бұрын жалпы құпия сөзінің мағынасына тоқтала кеткен жөн шығар. Құпия — өз қауіпсіздігің үшін өзгеге беймәлім, әрі жария етілмейтін ақпарат десек те болады. Әр адамның жеке дербес құпия ақпараттары сақталуы тиіс. Заң тұрғысында сөйлесек, құпия — өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке адам немесе қандай да бір ұйым басқаға білдірмей ұстайтын ақпарат. Әркімнің жеке, отбасылық құпиясын, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, дәрігерлік, адвокаттық құпиясын, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақтау құқығы бар (Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 144-бабы). Әркімнің басқалармен қарым-қатынас жасаудың өзі қалайтын түрін таңдау және тәуелсіз әрі дербес жағдайда жеке, достық, сырластық және басқа қатынастар орнату мүмкіндігі — жеке өміріне қол сұғылмауына деген құқығы. Адамның әуестігін, ұнататын немесе жақтырмайтын нәрселерін, елігушілігі мен дүниетанымын оның бақылауынан және келісімінен тыс таратуға ешкімнің хақысы жоқ.

Мұндай құпиялар тек заңда көрсетілген реттерде ғана қылмыстық немесе азаматтық іс жүргізу барысында белгілі бір өкілетті немесе білуі қажетті тұлғаға ғана мәлім болуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 30-тарауының баптарына сәйкес прокурор рұқсат берген тергеуші қаулысымен хат-хабар, хабарлама жолдан ұсталып, сөйлесулер тыңдалады; құпия Әскери құпия, банк құпиясы, коммерциялық құпия және мемлекеттік құпия.Құпиялылық әр түрлі болады. Мысалы; жеке бас құпиясы, мемлекеттік құпия, коммерциялық құпия, т.б. Соның бірі нотариустың өз қызметін іске асыру барысында өзіне белгілі болған мәліметтерді бөгде адамдарға жарияламауы, яғни нотариаттық құпия. Осы орайда, аудан тұрғындарына нотариаттық кеңес туралы оның ішіндегі заңдары төмендегідей түсіндіріледі:

Нотариат туралы 1997 ж. 14 шiлдедегі № 155-1 Қазақстан Республикасының Заңы

3-бап. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi

  1. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.
  2. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
  3. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді.

  1. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.

Нотариус:

3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;

31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау

  1. Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. Нотариаттық қызмет құпиясы 3-бап «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі №55 Заңы. Заң мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000155_

Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

Нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиялылығын сақтауға мiндеттiлік нотариустың тағылымдамадан өтушілері мен көмекшiлерiне қолданылады.

Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.

Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша әділет органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер де оған заң көмегіне жүгінген сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысатын адвокаттың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.

Заңмен қорғалатын құпияларға: нотариаттық кұпия жатады.

К.Аликулова,  Жамбыл облыстық нотариаттық округінің нотариусы

Нашаќорлыќ-єасыр дерті

аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу мақсатында іс – шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Жаңатас қаласы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында

 кездесу өткізілді.  Жастарды нашақорлықтан алдын алу, есірткі бизнесінің зияндығын түсіндіру және ұлттық спортты насихаттау мақсатында «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, психолог Марал Исақұлова және «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары Ерғали Әбуғали «Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбына тереңірек тоқталды.

Қатысушылардың сұрақтарына жан – жақты жауап беріп, жастарды салауатты өмір салтына шақырды. Кездесу жоғарғы деңгейде өтті.

Біз есірткіге ќарсымыз

Қазіргі таңда нашақорлық өзекті мәселенің бірі. Жастарға нашақорлықтың өмірге зияндығын, есірткі бизнесінің алдын алу, жастарды ұлттық спортқа бейімдеу, салауатты өмір салтын ұстану мақсатын аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің түсіндіру тапсырысы аясында «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Жаңатас қаласы аудандық мәдениет үйі, Жаңатас көпсалалы колледжі, Ұйым ауылы №11 колледжі студенттерімен кездесу өткізілді. Нашақорлық және есірткі бизнесінің адам өміріне деген зияндығын, жас-тарда есірткімен болашақ жоқтығын тақырыптарында «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, психолог Марал Исақұлова насихат жүргізіп, жан-жақты сұрақтарға жауап берді.

ешќайда апармайтын жол

Жастарды нашақорлықтан сақтау, есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында аудан  әкімдігінің  ішкі  саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ұ.Сыздықбай ауылы  Сарысу орта мектебі, Өндіріс ауылы Ж.Отарбаев атындағы орта мектебі, Жаңаталап ауылы, Жаңаталап орта мектебі оқушыларымен «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, психолог Марал Исақұлованың қатысуымен кездесу өткізілді.

Шарада Марал Хантөреқызы жастарды нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Кездесу соңында сұрақ-жауап айдары орын алып, Марал Хантөреқызы жан-жақты сұрақтарға жауап берді.

ґз ґміріѕді улама

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің  тапсырысы   аясында «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Саудакент ауылы «Б.Адамбаев» атындағы орта мектебінде, Игілік ауылы «Ш.Датқа» атындағы орта мектебінде, Ұйым ауылы Ы.Сүлейменов атындағы орта мектебінде, оқушылармен кездесу өткізілді.

Нашақорлықтың адам өміріне зияндығын, есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, психолог Марал Исақұлова және «Amanat» партиясы Жамбыл облысы филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары Әбуғали Ерғали Рүстемұлы түсіндірме іс-шаралар өткізді. Іс – шара барысында нашақорлықтың адамзат баласына зияндығына тоқтала отырып, жан- жақты сұрақтарға жауап берді.

Абзал Мұқатаев,

“KOMEK.DEMEU.KZ”

қоғамдық қорының

 президенті

Органикалыќ ґнім дегеніміз не?

Қазақстанда органикалық ауыл шаруа-шылығын мемлекеттік реттеу 2015 жылғы 27 қарашадағы «Органикалық өнім өндіру туралы» ҚР Заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығымен «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» құжаттары шеңберінде көзделген. Органикалық өнімдер-бұл ауылшаруашылық өнімдері, аквамәдениет және балық шаруашылығы өнімдері, жабайы өсімдіктер өнімдері және оларды қайта өңдеу өнімдері, соның ішінде «Органикалық өнім өндірісі туралы» Заңының талаптарына сәйкес өндірілген тамақ өнімдері.

Органикалық өнімдерге не жатады?

Органикалық  өнімдер химиялық өнеркәсіптің жетістіктерін пайдаланбай, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, пестицидтерді қолданбай өндірілетін өнімдер болып саналады. Органикалық заттар өндірісінде шикізаттан бастап дүкен сөрелеріне жеткізілетін оралған өнімге дейінгі бүкіл процесті бақыланады.

Органикалық өнімді таңдағанда қалай сенімді болуға болады?

Органикалық өнім оны нарыққа шығарар алдында сертификаттау нысанында сәйкестікті растау бағасынан өтуі тиіс. Мұндай өнімдерге органикалық өнімдердің ұлттық сәйкестік белгісі қолданылады және «био», «эко», «органикалық» белгілері қолданылады.

Тұтынушы сатушыдан сәйкестік сертификатын талап етуге құқылы.

Сондай-ақ, таңбалау мен өнім құрамына назар аударған жөн. Органикалық өнімнің таңбалауында өнім құрайтын шикізаттық ауыл шаруашылығы материалдары өндірілген жер туралы қосымша мәліметтер және органикалық өнім өндірушіге инспекция жүргізген ұйымның атауы болуға тиіс. Сертификатталған органикалық өнімдердің ұлттық сәйкестік белгісіне назар аударыңыз.

А.Тәжіқұлова, аудандық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы

Хабарландыру

«Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» Жамбыл обылысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына түзетулер енгізу  жобасы бойынша ашық жиналыс арқылы қоғамдық талқылау өткізеді.

Аталып өткен жоба бойынша ашық жиналыс арқылы қоғамдық талқылаулар 2023 жылғы 20-желтоқсан, сағат 15.00-де өтеді.

Өтетін орны Сарысу ауданы Жаңатас қаласы 1 мөлтек аудан 25 үй (қалалық әкімшілігінің ғимаратында)

Тапсырыс беруші: «Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбылская область, Сарысуский район, г.Жанатас, Микрорайон 1, 18/4

БСН 101140017625

БСК KKMFKZ2A

ЖСК KZ69070103KSN2108000

«ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық

Комитеті» РММ

Тел.: 87028428084, 87263461008

Басшысы Аукенов Кайрат Кустанаевич

электронный адрес otdelstroitelstvo@inbox.ru

объявление

КГУ «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Сарысуского района» проводит общественное слущание посредством открытого собрания, по проекту внесения корректировки в Генеральный план и проекты детальной планировки города Жанатас Сарысуского района Жамбылской области.

Общественные слущание по отмеченному проекту через открытое собрание состоится 20 декабря 2023 года в 15.00 часов.

Место проведения Сарысуский район город Жанатас 1 микрорайон дом 25 (здания Городского акимата 1 этаж)

Заказчик: Коммунальное государственное учреждение «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Сарысуского района»

Жамбылская область, Сарысуский район, г.Жанатас, Микрорайон 1, 18/4

БИН 101140017625

БИК KKMFKZ2A

ИИК KZ69070103KSN2108000

РГУ «КОМИТЕТ КАЗНАЧЕЙСТВА

МИНИСТЕРСТВА ФИНАНСОВ РК»

Тел.: 87028428084, 87263461008

Руководитель Аукенов Кайрат Кустанаевич

электронный адрес: otdelstroitelstvo@inbox.ru

Leave A Reply

Your email address will not be published.