ЫНТЫМАҚ ТҮБІ – ИГІЛІК
Қанатын кеңге жайып, алға құлаш сермеп келе жатқан маңызды саланың бірі — ауыл шаруашылық саласы. Өрлеу мен жаңарудың жолында жарқын қадамдарға ұмтылып, экономиканың маңызды бөлігіне айналған саланың іргесі қашан да бекем болмақ. 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыс барысы туралы тілге тиек етсек. Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы салаларының жалпы шығарылымы (млн.тг.) Жалпы шығарылым — 25 539 млн. тг. (94%) Ауыл шаруашылығы саласында тартылған инвестиция – 414,0 млн. тг. (249,3%). Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 639 125 га. Егістік жер көлемі — 24 717,63 га, көпжылдық екпелер — 156,84 га, шабындық жерлер — 34 106,61 га, жайылымдар — 532 715,19 га, бөгде жерлер — 47 428,56 га құрайды.
Дақылдарды орналастыру
2023 жылы өнімі үшін егілетін дақылдар 24 508 га алқапта орналастырылды. Оның ішінде:
— Дәнді дақылдар 9 850,0 га, оның ішінде 4100,0 га (100%) жаздық арпа, дәндік жүгері 1250,0 га (104,2%) және 2023 жылдың өнімі үшін егілген 4500,0 га (100%) күздік бидай;
— Майлы дақылдар (мақсары) — 8300 га (100%);
— Картоп — 45 га (150%);
— Көкөніс дақылдары — 220 га (100%);
— Бақша дақылдары — 293 га (100%);
— Көп жылдық шөптер 5 800 га (101%), жаңадан егілгені 1 500 га (100%).
2022 жылдың егістік алқабымен салыстыра алғанда биылғы егістігіміз 279,5 га артық.
Көктемгі дала жұмыстары наурыз айының басында ерте басталды. Бұл өз кезегінде шаруашылықтардың ұйымдасқан сапалы жұмысы және шаруаларды уақытылы тұқыммен, жеңілдетілген дизельмен, несиелік қаржылармен қамтамасыз етілуінің нәтижесі. Мамыр айының 20 дейін көктемгі дала жұмыстары толық аяқталды. Көктемгі дала жұмыстарына 350-ден астам шаруашылық қатысты.
Тұқыммен қамтамасыз ету:
Көктемгі дала жұмыстарына 740 тонна жаздық арпа тұқымы (қажеттілік 738 тонна, дайындық 100,3%), 205 тонна мақсары тұқымы (қажеттілік 200 тонна, дайындық 103,0%), 32 тонна дәндік жүгері тұқымы (қажеттілік 31,25 тонна, дайындық 102,4%), 40 тонна жоңышқа тұқымы (қажеттілік 37,5 тонна, дайындық 106,7%) дайындалып қажеттілік толық шешілді.
Дизельмен қамтамасыз ету, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 780 тонна жеңілдетілген дизель отынына бөлінген (Оператор ЖК «Сарыпбекова») бағасы 212 теңге/литріне. Қазіргі таңда операторға 728,7 тонна дизель жеткізіліп, шаруашылықтарға (59 ш/қ) сұраныстарына сәйкес толық босатылды. Қосымша, жазғы жиын терін және күзгі дала жұмыстарына 976 тонна жеңілдетілген дизель отынына шаруашылықтар тарапынан сұраныс енгізілді. Жоспар 780 тонна орындалуы 122,3% бүгінгі күнге жеткізілгені 112 тонна.
Қаржыландыру
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасы бойынша 87,3 млн. теңгеге 13 өтінім түсіп, қаржыландырылды.
Техника дайындығы туралы
Ауданда барлығы 683 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Көктемгі дала жұмыстарына қатысқан техника саны 510 дана. Оның ішінде 342 трактор, 50 дана соқа, 28 дана қопсытқыш, 90 дана дән сепкіш.Минералды тыңайтқыштар:
2023 жылы 1207,4 тонна тыңайтқыш алып, егістік алқаптың 13 600 га тыңайту жоспарланған. (2022 жылы жоспар 13 000 га болған). Бүгінгі күнге 1606,8 тонна селитра және аммофос тыңайтқыштарын сатып алуға келісім-шарт жасалып, 1386,9 тонна тыңайтқыш сатып алынды. Оның ішінде, 892,9 тонна аммиак селитрасы, 59 тонна аммофос және 435 тонна басқа да тыңайтқыштар. Жоспар 114,9% орындалып отыр.
Су жүйелері
Ауданда егістік жерлерді суаруға арналған 2 су қоймасы және (Ынталы және Бүркітті) 16 су жеткізуге арналған магистралды каналдар бар. Су қоймалары «ҚазСуШар» РМК мекемесінің теңгерімінде, ал каналдар толық аудандық коммуналдық меншікте.
Аудандағы су жүйелері: каналдарының жалпы ұзындығы 109,4 км. Бүгінде 3 каналға (Бүркітті — 129,6 млн.тг. 2,3 шқ Құрылыс басқармасында, Жаңа Кәрітоған – 329,7 млн.тг. 4,2 шқ және Сарыөзек – 193,0 млн.тг. Экономика басқармасында) лоток жүйелерін орналастыру жұмыстарына ЖСҚ дайындалып, жалпы 652,3 млн. теңгеге облысқа бюджеттік өтінім беріліп қаралуда.
Қалған 12 каналға жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ жасауға 2023 жылы аудандық бюджеттен қаржы қарастырылды (жобалық құны 57 млн. теңге).
Ауданда суармалы егістікке пайдаланылатын 109,4 км ұзындықтағы 16 каналға тазалау жұмыстары жүргізіліп, Шабақты мен Бүркітті өзенінен суармалы егістік жердегі көп жылдық шөптер мен жүгері алқаптарына су берілді. Қызыл су арқылы суарылған егістік көлемі 903,0 га естік алқабы суарылды.
Бүгінде Ынталы су қоймасындағы судың көлемі 4,8 млн. м3 (16,%), ал Бүркітті су қоймасындағы судың көлемі 7,2млн. м3 су жиналып бүгінгі күнге таусылды.
«ҚазСуШар» РМК Сарысу аудандық филиалымен 171 шаруа қожалық (2461,62 га) су пайдалану үшін келісім шартқа отырды.
1-сәуір мен 20-сәуір аралығында қызыл су арқылы суарылған егістік көлемі 903,0 га егістік алқабы суарылды (Оның ішінде, 628,0 га жүгері, 278,0га га жоңышқа дақылдары).
1-ші кезең суарылған алқап 2553,9 га (Оның ішінде, 881,4 га жүгері, 1638,7 га жоңышқа және 33,8 га бақша дақылдары).
2-ші кезең суарылған алқап 2702,9 га (Оның ішінде, 602,3 га жүгері, 2019,8 га жоңышқа және 80,8 га бақша дақылдары).
3-ші кезең суарылған алқап 730,99 га (Оның ішінде, 256,5 га жүгері, 436,9 га жоңышқа және 37,59 га бақша дақылдары).
Жиын терін жұмыстары барысы:
Бүгінгі таңда 8600 га астық дақылдары алқабы толық жиналды. Нәтижесінде, 5246 тонна жаздық арпа және бидай дақылы жиналып, орташа өнімділік 6,4 ц/га айналды. Бұл ауа райының қолайсыздығы және жауын шашын мөлшерінің аздығынан орын алып отыр.
Бұдан бөлек, майлы дақылдар алқабының 7000 га (жалпы алқап көлемі 8300 га) жиналып, 2800 тоннадан астам өнім жиналды. Орташа түсім 4,0 ц/га құрайды. Дәндік жүгері алқабының 1250 га толық орылып, 10625 тонна өнім жиналып, орташа өнімділік 85 ц/га құрады. Көкөніс және бақша дақылдары да толық жиналды. Көкөніс және бақша алқаптары да жиналып, жалпы жиналған өнім 15224 тоннаны құрап, орташа өнімділігі 296,6 ц/га айналды. Мал шаруашылығы туралы:
Сарысу ауданында жалпы 1045 шаруа қожалық тіркелген. Оның ішінде, 576 шаруа қожалық мал өсірумен айналысады. 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша аудандағы мал басы саны 329 492 басты құрады. Оның ішінде:
— МІҚ (мүйізді ірі қара) 29 801 бас (былтырғы жылмен +124,5%);
— Уақ мал 227 209 бас (+106,4%);
— Жылқы 9 616 бас (+114,9%)
— Түйе 3 386 бас (+108,5%) және 25 850 бас құс (102%).
10 айдың қорытындысы бойынша өндірілген өнімдер:
— Ет өндірісі (тірі салмақта) 5 873,6 тонна (100%);
— Сауылған сүт көлемі 5 264,8 тонна (105%);
— Жұмыртқа өндірісі 3 404,8 мың дана (100,7%);
Мал азығын дайындау жұмыстары: 2023 жылы мал азығын дайындау үшін шөп шабуға белгіленген алқап көлемі 43180 га құрайды. Оның ішінде, 37380 га табиғи шабындық алқап және 5800 га жоңышқа алқабы.
Бүгінде, 37380 га шабындық алқабы толық орылып, жоңышқа ору барысында алғашқы орымда 5800 га, екінші орымда 2700 га және үшінші орымда 1500 га жоңышқа алқабы шабылды.
Ағымдағы жылы 123,0 мың тонна шөп дайындау жоспары бекітілген болатын. Бүгінде аудан тұрғындары 128,0 мың тонна шөп жинады. Бұдан бөлек, 2022 жылдан қалған 12,0 мың тонна қалдық шөп қоры бар және 27,0 мың тонна қосымша арпа, бидай, мақсары сабандары жинақталды.
Күзгі дала жұмыстары барысы
2024 жылдың өнімі үшін 4500,0 га күздік бидай егілді. Тұқым ретінде 810 тонна бидай дайындалды. Күзгі дала жұмыстарына 42 шаруа қожалық қатысты.
Мал шаруашылығын
субсидиялау
Мал шаруашылығы саласында пайдаланылып жатқан мемлекеттік қолдаулар көлемі де жыл санап өсіп келеді. 2021 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында 227,2 млн. теңге көлемінде шаруа қожалықтар қайтарымсыз субсидия қаржысын алды. 2022 жылы субсидия көлемі 340,6 млн. теңгеге жетті. 2023 жылы жыл басынан бері шаруа қожалықтар 71,7 млн. теңге субсидия алды. Резервте 182,5 млн. теңгенің өтініші тұр.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы
Ауданда бүгінде асыл тұқымды мал өсіруші 9 шаруа қожалық («Жарасбек ата» шқ, «Сәт-Сағын» шқ, «Раш» шқ, «Тәуекел» шқ, «Әлішер» шқ, «Бірлік» шфқ, «Әлішер» шқ, «Елдос-2004» шқ, «Айтуған» шқ және «Абылай» шқ) тіркелген. Аталған шаруа қожалықтары республикалық асыл тұқымды малдардың палаталарына тіркеліп, толық заңдастырылған. Шаруа қожалықтар мал шаруашылығын асылдандыру бағытында тұқымды өндіруші бұқа немесе қошқар сатуға толық құқылы. 2023 жылдың басындағы санақ бойынша 45877 бас асыл тұқымды қазақтың жылшық жүнді құйрықты қойы және олардың будан төлдері тіркелген. Ал, асыл тұқымды және будандасқан МІҚ саны 4314 бас. Оның ішінде, 3176 бас МІҚ Қазақтың ақбас тұқымы, 6 бас МІҚ Әулиекөл тұқымы және 1132 бас МІҚ Абердин ангус тұқымы.
Аграрлардың техникалық қарулану деңгейі
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердегі тіркелген барлық ауыл шаруашылығы техникалары 683 дана оның ішіндегілері (361 дөңгелекті трактор, 22 шынжыр табанды трактор 271 басқада техникалармен тіркеме 29 комбайн) Ағымдағы жылға 12% ауыл шаруашылық техникаларын жаңартуды тапсырма берілген.
Бүгінгі күнге жалпы соммасы 340 млн. теңгеге 46 ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Оның ішінде 18 трактор және 28 қосалқы техникалар. Жаңару көрсеткіші 6,7 %.
Н.Молдабеков,
аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы