ТАЗАЛЫҚ — ОРТАҚ МІНДЕТ
Күзгі санитарлық-тазалық жұмыстары аясында сенбілік жұмыстары жүйелі өткізіліп келеді. Тазалық жұмыстары барысында аудан көлемінде қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша көктемгі екі айлық өткізу туралы 2023 жылғы 28 тамыздағы №158 Қаулысына сәйкес сенбілік жұмыстарында тұрғын үй жетекшілерінің ұйытқы болуымен көпқабатты тұрғын үйлердің маңына сенбіліктер ұйымдастырылып, тал-дарақтар, гүлзарлар отырғызылды.
Үстіміздегі жылдың қараша айында Жаңатас қаласы бойынша ұйымдастырылған сенбілікке мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Тазалық жұмыстары барысында қала бойынша 2,2 тонна қоқыс шығарылып, 275 метр арықтар тазаланды. Тазалық- барлығымызға ортақ міндет екенін ұмытпайық.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»