ҰСТАЗДАН БІР КІТАП

0

Абылай хан атындағы мектеп-лицейі кітапханасында  қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі Базарбаева Айнұр Қуанышқызының ұйымдастыруымен «Ұстаздан бір кітап»

акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты — халқымыздың тарихи-мәдени құндылықтарын сақтау, мектеп кітапханасының кітап қорын ұлғайту, білім алушылардың сұраныстарын өтеу арқылы олардың көркем әдебиеттер пен энциклопедияларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Адам баласы үшін кітап — тілсіз тәрбиеші. Осы ұлағатты пікірді ұлықтап, балалардың мол білім алып, рухани дамуына өз үлестерін қосқан мектеп-лицей директоры Р.Қамбарбаева бастаған бір топ мұғалім түрлі энциклопедиялар, көркем әдебиеттер, бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегі кітаптар мен халық қазынасының қайнар бұлағы болған мақал-мәтелдер жинақтарын, ағылшын тіліндегі сауаттылықтарын қалыптастыру үшін ағылшын тілінде жазылған ертегі кітаптар сыйға тартылды.

Рухани байлықпен сусындап, терең білімге нәр беретін кітаптың жас оқырмандар үшін берері көп. Бүгінде телефонға телміріп, желіге еріксіз назар аударған шақта кітап оқуға деген құштарлықтың азайғанын байқаймыз. Сондықтан, бүгінгі іс-шараның маңыздылығы аса зор. Ұсынылған кітаптардың оқырмандары көбейіп, балалардың сүйіп оқитын кітаптарына айналсын деген тілектеміз.

Р.Уксикбаева,

Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.