АДАЛ АЗАМАТ-АДАЛ ТАБЫС
Өскелең ұрпақты адалдыққа, шыншылдыққа баулу мақсатында Жаңатас көпсалалы колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қойлыбекова мен жастар ісі жөніндегі инспектор Н.Шалғынбаеваның ұйымдастыруымен «Адал азамат — адал табыс» тақырыбында ашық алаң өтті. Шараға Сарысу аудандық «Адалдық алаңының» жетекшісі Ш.Бейсенбайұлы, «Жас-тар ресурстық орталығының» мамандары, колледж оқытушылары мен колледж жастары қатысты.
Шара барысында студент жастарға «Ісіңе адал бол!», «Саналы ұрпақ адалдық жолында» атты бейнероликтер көрсетілді. Жарыс сөзге шыққан студенттер жастарды адалдыққа, шыншылдыққа шақырды.
Студенттік Парламент «Өзін — өзі басқару» ұйымының мүшелері «Адал еңбек — бәрінде жеңбек» тақырыбында қойылым көрсетті. «Суреттер сөйлейді»‘ айдарында коллеждің 06-21, 08-23, 04-21 топтары «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында салынған суреттері үшін, «Ең үздік сурет» номинацияларын иеленіп, жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.
«Sarysý-aqparat»