АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

0

2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «ұлттық жоба»  аясында қайтарымсыз грант қаражатын 73 адамға беру жоспарланған, қаралған қаржы 100 740,0 мың теңге ( 1 адамға 400 АЕК-ке дейін – 1380,0 мың теңге). «Бастау бизнес» кәсіпкерлік курсына 265 адамды оқыту жос-парланып, бүгінгі таңда 353 адам тартылды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар (бұдан әрі-гранттар) халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі, оларға мыналар жатады:

1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);

3) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;

4) қоныс аударушылар;

5) қандастар;

6)еңбекке қарсы көрсетілім-дері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

7) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы).

Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі және де «Бастау Бизнес» деген сертификаты болуы қажет.

Сонымен қатар, орталықтың өз-өзіне қызмет көрсету бұрышында  business.enbek.kz порталымен жұмыс жасауға жәрдемдесіп сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі.

2023 жылы  3 лекпен 463 адамдан өтініш түсті.

1-ші лек бойынша грант қаражатын алу үшін 156 өтінімдер 2023 жылдың 20 ақпан- 3 наурыз күндері аралығында қабылданды, 16-17 наурыз күндері өткен комиссия отырысының шешімі негізінде жоспарға сәйкес 25 адамға грант қаражаты берілді, игерілген қаржы 34 500,0 мың теңге.

Грант қаражатын алғандар ішенен мал шаруашылығы  10 жоба, құс өсіру -1,инвентарь 14

( кілем жуу, сұлулық салоны, биогумус және т.б) жоба.

2- ші лек бойынша өтінімдер 2023 жылдың 15-26 мамыр аралығында 189 адамнан қабылданды, 1-2 маусым күндері өткен комиссия отырысының шешімі негізінде грант беру     жоспарына сәйкес 18 адам грант қаражатын алды, игерілген қаржы 34 500,0 мың теңге. Грант алғандар ішінен мал шаруашылығы 11 – құс өсіру – 1 және инвентарь 6.

3- ші лек бойынша өтінімдер 11-22 қырқүйек аралығында 118 адамнан қабылданды, 28 қыркүйекте өткен комиссия отырысының шешімі негізінде жоспарға сәйкес 30 адам грант қаражатын алды.

Бүгінгі таңда Сарысу ауданында 73 азамат 400 АЕК қайтарымсыз грант алды.  Жаңатас қаласында 35 азамат, Байқадам а/о- 7, Жайылма а/о – 4,  Игілік а/о – 6, Жаңаарық а/о – 6, Түркістан а/о – 4, Жаңаталап а/о – 6, Тоғызкент а/о – 4 және  Қамқалы а/о – 1 азамат. Грант жоспары орындалып, қаралған қаржы толығымен игерілді.

Әлеуметтік санаттары  бойынша бөлсек көпбалалы – 38, мүгедектігі барлар – 20, мүгедек бала тәрбиелеуші – 8, аз қамтылғандар – 5 және асыраушысынан айырылғандар 2.

Данабекова Жансұлу көп балалы ана ретінде қайтарымсыз гранттың enbek.bisuness.kz (бұдан әрі портал) 2 легінде өтініш беріп, грант жеңімпазы атанып Ұйым ауылынан ЖанСезім тігін шеберханасын ашып, жұмыс жасауда.

Аудандық мансап орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.