Жаңа техникамен жабдықталды
Ауданымызда ауыл шаруашылығы дамып, шаруалар мемлекет тарапынан қолдаулар көріп, шаруа қожалық техникаларын жаңартуда. Лизингке трактор алған шаруа қожалық төрағалары қазіргі таңда шаруалары оңтайланып, жұмыстары алға басуда.
Игілік ауылдық округіне қарасты жеке кәсіпкер Жанбеков Нұрлан «Ауыл аманаты» жобасының lV бағыты бойынша 2.5% лизингке «DongFengDF904» тракторын 14.5 млн. теңгеге сатып алды.
Жеке кәсіпкердің айтуынша егін және мал шаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында осы техниканы алған. Алдағы уақытта шаруашылықты дамыту мақсатында тағы да жаңа техника алу жоспарында бар екен. Айта кетейік ауданымызда егіннен бөлек, мал шаруашылығын өркендеткен жұрт арасынан қой мен ірі қара өсіріп, озат атанғандар бар.
Ауыл мен қаланың көркеюі, жасыл желекке орануы-жарқын болашақтың кепілі. Ауылға көңіл бөлу-әрбір елді мекендегі тұрғындардың абыройлы міндеті. Сондықтан алтын бесік-ауылды көркейту баршамыздың басты парызымыз болмақ.
«Sarysý-ақпарат»