БАСТЫ МАҚСАТ-БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ
Азық-түліктің бағасын тұрақтандыру бүгінгі күннің талабы. Осы орайда өткен аптаның сенбісі күні Жаңатас қаласы, Орталық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Тараз қаласы мен басқа аудандардан және көршілес Түркістан облысынан кәсіпкерлер өнімдерін ұсынды. Тұрғындар үшін қолайлы бағада ұсынылған өнімдер нарық құнынан 20 пайыз аралығында төмен бағада ұсынылды. Салыстырмалы түрде айта кетсек:
Дүкендерде баға:
Айран 2,5% майлылық — 480-550 теңге
Сүт 2,5-3,2% майлылық — 400-500 теңге
Қырыққабат — 150-180 теңге
Картоп кг — 230-250 теңге
Пияз кг — 120-150 теңге
Сәбіз кг — 180-230 теңге
Тауық жұмыртқасы дн — 50-65 теңге
Тауық еті кг — 1300-1550 теңге
Сиыр еті кг — 2350-2400 теңге
Макарон өнімдері — 360-400 теңге
Алма кг — 450-480 теңге болса,
Жәрмеңкеде баға:
Айран 2,5% майлылық — 380 теңге
Сүт 2,5-3,2% майлылық — 330 теңге
Қырыққабат — 150 теңге
Картоп кг — 170-240 теңге
Пияз кг — 110-150 теңге
Сәбіз кг — 150 теңге
Тауық жұмыртқасы дн — 50-65 теңге
Тауық еті кг — 1300 теңге
Сиыр еті кг — 2100-2200 теңге
Макарон өнімдері — 350 теңге
Алма кг 250-450 теңге
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі орталық базарда әр сенбі сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі