ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Мен үшін туған жер ең қымбат, ең асыл ұғым болып табылады.Туған жердің ауасымен тыныстап, табиғатына тамсана қарап,сылдырлаған мөлдір бұлағынан шөліңді қандырып жүргеннің өзі керемет бақыт.
Өкінішке орай қолда бар алтынның қадірі жоқ деп бекер айтылмаған. Оның дәлелі ретінде мына ақпаратты ұсынсам деп отырмын. Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы, фосфорит және апатитте кальций фосфаты Са3(РО4)2 түрінде болады. Қазақстанда Жамбыл облысындағы Қаратау маңында фосфорит кенінің мол қоры бар екені 1935 жылдан белгілі. Қазір Қаратау бассейні негізінде «Жаңатас байыту комбинаты» және «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС жұмыс істейді.
Инвестициялық табыс әкелгенмен қаншама халықтың денсаулығына зияны тиіп отырғанын көріп отырмыз. Өндірістік жағдайда ағзаға фосфор түсудің ең басты жолдары болып тыныс жолдары, ішек-қарын жолдары және тері жатады. Ішке түскен фосфор өкпе ауа тамырлары, ішек-қарын, сонымен қатар зәр шығару мүшелері арқылы бөлініп, олардың дұрыс жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Исектицит және акарициттер түрінде ауылшаруашылығында қолданылатын фосфордың органикалық қосылысы, жылы қанды жануарлардың және насекомдардың организміне улы әсер етудің негізі болып саналады. Бұл топтың жалпы барлық қосылыстары үшін ең маңызды фермент холинэстараздың әрекетін сипаттау т.б.Организмнің фосфорганикалық заттармен улануы көптеген жағдайда, белгілі бір ингебаторимен холинэстераздар, физостилин және прозерин сияқты заттармен улануды еске түсіреді. Өздерінің активтеріне байланысты фосфордың барлық препараты бірдей емес, олардың атжалманға арналған мөлшерінің уытты әсері осының көрсеткіші.
Фосфор қосылыстарының уыттылығы организм үшін ұлпадағы холинэстраздар активті орталығын фосфорлау қабілеттілігі бойынша анықталады. Ең өкініштісі осы зиянды әрекеттердің ұлт болашағына кесірін тигізетінін біле отырып ешқандай шара қолдана алмағандығымыз менің жанымды қатты қынжылтады. Сол үшін де өзімнің ғылыми жобамның басты тақырыбын «Жергілікті жердің экологиялық проблемалары» деп алдым. Әрбір қазақтың міндеті борышы туған жерін аялау, қорғау, ұлт болашағын ойлау екенін санасына құю керек деп айта аламын.Біз ұрпағымызды өзімізді ластанған ауамен тұншықтырып қандай нәтижеге жететінімізді көзге елестетудің өзі қорқынышты.
Бір адамның үні көп адамға жету үшін бәрімізде жұмыла бір жұдырықтай бірігіп, туған өлкеміздің табиғатына жанымыз ашып,бірге пайдалы істер атқарып, зиянды заттарға шектеу қойғанымыз дұрыс.
Өзімнің жүрегімнен шыққан өлең шумақтарымен эссені аяқтаймын.
Нұрай Шымырбай, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 11 «Ә» сынып оқушысы