Төмен бағада ұсынылды

0

Қаламыздағы орталық алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке аудан тұрғындарын әлеу­меттік жағынан қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ет және түрлі азық-түлік тауарлар көп мөлшерде жеткізілді. Тауарлар тұрғындарға қол­жетімді бағада сатылады. Тауар сапасы да жоғары. Тұрғындар үшін тауарлары қолжетімді бағада ұсынылған жәрмеңкені аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков аралады.
Жәрмеңкеге аудан тұрғындарының қазіргі сұранысына ие делдалсыз тіке­лей келген өнімдер шығарылды.
Жәрмеңкеге көршілес Түркістан облысы, Арыс қаласынан, Абай, Қарабұлақ, Төрткөл, Ордабасы аудандарынан және Тараз қаласы мен Жуалы ауданынан қарбыз-қауын және жеміс-жидектер, тауық өнімдері, «Аса даму» ЖШС-нің жұ­мырт­қалары нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада ұсынылды.
Атап айтқанда, ет, балық, жеміс пен көкөніс, сүт өнімдері мен кондитерлік өнімдер сатылды. Мұндағы қауіпсіз және құнарлы өнімдер аудан тұрғын­дарына қолжетімді бағада сатылғанын атап өтуге әбден болады.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.